meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшілікті тыңдайды.

Жауабы: Журналист
Жүгіріп келе жатып,
Шақшам түсті.

Жауабы: Таға
Бір нәрсе бес бөгенді, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде
Адамға әрқашанда керегі бар.

Жауабы: Жүген
Бір қыздың жүз жиырма түймесі бар,
Бес аспап дөңгелексіз күймесі бар.
Құдайдың құдіретін қарап тұрсаң,
Астында төсек, үстінде көрпесі..
Жансыздан алты жігіт дос болыпты,
Бөгдеден біреу келіп еш болыпты.
Мұрнын тесіп өткізіп тұйық бұйда,
Жетектеген адамдар хош болыпты.

Жауабы:..
Желе-желе, желе келе,
Қамқа тонын піше келе,
Қандан суын іше келе.

Жауабы: Қамшы
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,
Ең жаманы бақай ұстайды.

Жауабы: Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы
Бір нәрсе иілмейді күйеу дейін,
Болады қанша жанға сүйеу дейін.
Бармақтай басқан ізі сол хайуанның,
Басады аттап-аттап түйе дейін.

Жауабы: Таяқ
Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай.

Жауабы: Таяқ
Бойы түйедей,
Ізі түймедей.

Жауабы: Таяқ
Барады да барады,
Теңгедей жерді алады.

Жауабы: Таяқ
Пышақ емес, біз емес, кетпен емес,
Шот емес, темір емес, сабы бар.
Саптағанның жаны бар,
Тұтамнан асқан сабында,
Жалғыз-ақ бау..
Қолы төрт, аяғы екеу, белі бір кез,
Ешнәрсе оған тура келмейді кез.
Қолына түскен жанды жібермейді,
Оншама кетпейді де, жүгіріп тез.

Жауабы:..
Албыр-жалбыр бір тамыр.

Жауабы: Көген
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.

Жауабы: Кит
Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апандай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.

Жауабы: Жайын
Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Судың кезген тереңін,
Шақырады қорегін.

Жауабы: Қармақшы балық
Тұрқы қысқа, күші мен
Қылығы бар орасан,
Мықты сояу тісімен,
Үлкенді де өзінен,
Қылғи салар жанаса.
Бірақ
Жемі ішінен
Көрінеді..
Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.

Жауабы: Қарабауыр жайын
Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.

Жауабы: Желкенді балық
Ойдым-ойдым, ойдым жер,
Ойдым жердің шөбін жер.
Жабағылы көк қойды,
Жалбыратып қасқыр жер.

Жауабы: Қырықтық
Ұзыны ұзын жатқан,
Балалары түзу жатқан.

Жауабы: Мәтке
Тұтам ағаш тау жайлаған.

Жауабы: Мұрындық
Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.

Жауабы: Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы
Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.

Жауабы: Жүген