meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

Жауабы: Қияр
Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары.

Жауабы: Жапырақтар
Жалғыз аяқ, тілік ерін.
Тұмсығында найзасы бар.
Киімдерді тігіп керім,
Адамға көп пайдасы бар.

Жауабы: Іс машинасы
Адамдардың киімін,
Ұстап тұрар иығым.

Жауабы: Киім ілгіш
Кішкене тегештей,
Қарыны бар кемештеу.
Құдды қайың беріші,
Ішінде шөл дәрісі.

Жауабы: Саптыаяқ
Екі басы дөңгелек,
Екі ұшы сүйір,
Қиғанға үйір.

Жауабы: Қайшы
Саусаққа киіп ем тобатай,
Инені жүгірттім оп-оңай.

Жауабы: Оймақ
Інді көп-ақ қазады,
Өзі шыға қашады.

Жауабы: Біз
Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етер қарындаш ізін.

Жауабы: Өшіргіш
Артық кемді теңестірер,
Дәнді де өзі жемес бірер.

Жауабы: Таразы
Өзі өтпейді,
Ал, өтпесті өткізеді.

Жауабы: Қайрақ
Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.

Жауабы: Есепшот
Қашық жердің сәлемін,
Тез-ақ алып келемін.

Жауабы: Телеграмма
Ұшып түсер күн бітсе,
Жоғалады жыл бітсе.

Жауабы: Күнтізбе
Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Жауабы: Сағат
Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі,
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.

Жауабы: Сағат
Таспадай қағазға тізіп,
Жазатын әріптері
Шұрық тесік,
Нүкте мен сызық.

Жауабы: Морзе алфавиті
Бассаң түймесін,
Шашады сәулесін.

Жауабы: Электр шамы
Терезенің тесігі,
Таза ауаның есігі.
Көгілдір түсі бар,
Тас балқытар күші бар.

Жауабы: Газ
Кино менен концертті,
Үйде қойып беремін,
Жаңалығын бар елдің.
Өз көзіммен көремін.

Жауабы: Теледидар
Күндіз-түні шатырдан,
Бір түспейтін қарауыл.
Кіндігі үйге тартылған,
Көрінеді бар ауыл.

Жауабы: Теледидар антеннасы
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жет деп,
Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.

Жауабы: Телефон
Күзетем деп үйді,
Жұдырығын түйді.

Жауабы: Құлып
Жиегіне қағылар,
Әр есіктің қалы бар.
Ол болса қақпа да,
Ашылып-жабылар.

Жауабы: Топса
Төрт таяққа керілді,
Әдемі үй боп көрінді.

Жауабы: Шатыр