meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Стол үстіне қағаз майлық (салфетка) қойып, оның үстне стаканды төңкеріп қойыңыз. Стаканды құлатпастан және қолыңызды cтаканға тигізбестен қағаз..
Жер бетінің едәуір бөлігін су алып жатқандығы белгілі. Қолыңызда бүкіл беттік өлшемдері дұрыс көрсетілген дүние жүзілік карта бар. Ешқандай күрделі..
Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы..
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.

Жауабы: Қаламсап
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазға құямын.

Жауабы: Сия
Күмiс алмұрт тiлi бар,
Сыңғырлаған үнi бар.
Шақыратын бiлiмге,
Сағаты бар, күнi бар.

Жауабы: Қоңырау
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?

Жауабы: Телефон
Жез күркенің ішінде
Қара құлын кісінер.

Жауабы: Қоңырау
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
"Қызыл қырман" ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Күз
Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
"Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,
Шабады жүйрік әуен..
Таяқшамен жіңішке сермеп қалса,
Сахна толған оркестр әнге басар.
Сиқыршы да емес ол, емес жонглер,
Ендеше кім, білсең айт,
Ол...

Жауабы:..
Шана зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс
Құлып аузын ашатын да,
Жабатын да құралмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен
Музыка әлемін ашамын.

Жауабы: Скрипка кілті
"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.

Жауабы: Қызық - сызық
Бес жолмен жүреді,
Бар әуенді біледі.

Жауабы: Нота
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны.

Жауабы: Теледидар
Еңкейіп барып
Асап алады.
Шалқайып қалып
Шаша салады

Жауабы: Экскаватор
Әдемі түнде,
Мен жүрсем,жүреді бірге.

Жауабы: Ай
Аяғы жоқ, жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.

Жауабы: Бұлақ
Қыстай жегіп қос атты,
Көктем шыға босаттым.

Жауабы: Шаңғы
Шіркіннің өзіне обал-ақ,
Жүреді аяқта домалап.

Жауабы: Доп
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе

Жауабы: Айна
Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.

Жауабы: Телефон
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.

Жауабы: Аю
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.

Жауабы: Қоян