meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Мектептiң алтын орағы,
Зейiндiлер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.

Жауабы: Бестік
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.

Жауабы: Сөйлем
Сөздi құрап, доп тiземiн,
Қоя салсаң бiр тары,
Жаңалықты жеткiземiн.

Жауабы: Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.

Жауабы: Сұраулы сөйлем
Ұранды, шаттықты,
Өкiнiш, аптықты,
Бiлдiрiп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.

Жауабы: Лептi сөйлем
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.

Жауабы:..
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.

Жауабы: Таба нан
Жұлдыздай жарқырайды,
Күндіз бірақ байқалмайды.

Жауабы: Ай
Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.

Жауабы: 1 және 9
Дөңгелек пішінді шелпекті пышақпен 3 рет түзу кесу арқылы 8 бірдей бөлікке бөле аласыз ба?

Жауабы: Шелпекті ортадан теңдей етіп бір бөлеміз. Кейін..
Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

Жауабы: Ағаш
Мамықтай жұмсақ болады,
Ұстасаң қолың тонады.

Жауабы: Қар
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.

Жауабы: Қасқыр
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.

Жауабы: Мысық
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар

Жауабы: Сағат
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.

Жауабы: Өлең
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.

Жауабы: Аяқ
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.

Жауабы: Тұз
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.

Жауабы: Жұмыртқа
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.

Жауабы: Жұмыртқа
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.

Жауабы: Айран
Ай далада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау.

Жауабы: Жұмыртқа
Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.

Жауабы: Парта
Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.

Жауабы: Тақта
Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.

Жауабы: Қаламсап