meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Қабат-қабат киінген
Төбеден шашы түйілген.
Жеп көріп едім өзінен
Жас шығарды көзімнен.

Жауабы: Пияз
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.

Жауабы: Жаңбыр
Азулы хайуан- темір ер,
Әндетіп сүйек кемірер.

Жауабы: Ағаш кескіш ара
Бір қыры- балта,
Бір қыры –балға.
Ағашты шапқан,
Шегені қаққан.

Жауабы: Шаппа шот
Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады.

Жауабы: Балға
Есігім шығыста,
Кебежем сол жақта.
Төрім батыста,
Келінім оң жақта,
Отым ортада.
Келіп той,
Құрт-май, қымыз,
Қазы-қарта.

Жауабы: Қазақ киіз..
Отыз отырма, қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған,
Ауыз омыртқа.

Жауабы: Уық, кереге, шаңырақ
Бір сүйем ғана ұсқыны,
Елпектетер күштіні.
Бір-екі құлаш бауы бар,
Не екенін табыңдар?!

Жауабы: Мұрындық, бұйда, бас жіп
Ойға қарай зулайды,
Сенсіз өрге бармайды,
Жетелесең қалмайды.

Жауабы: Қол шана
Бір денеде үш ін,
Бір інде өткір жұқасы.
Келесі екі қос әлібін –
Сақтайды отағасы.

Жауабы: Қын, пышақ, сақпы
«Бөрік» емес десем,
Баста ғана тұрағы.
«Бөрік» дейін десем,
Көзді жауып тұрады.

Жауабы: Томаға
Жазда қайрандайды,
Қыста сайрандайды.

Жауабы: Шана
Қос құлақты, жүз тісті,
Жүзінен бір із түсті.
Бір денені екіге,
Бөліп тастар бұл күшті.

Жауабы: Ара
Ә дегенше тап береді,
Тап бергеннен қақ бөледі.

Жауабы: Балта
Бір ыдыс кергіштелген аузы арандай,
Құйған нәрсең өтеді аялдамай.
Тек түбінде қыл-қыбыр…
Қалар ылғай.

Жауабы: Сүзгі
Сусында да сусын бар,
Отқа түсіп қанығар.
Ақ қатығы тағы бар,
Онсыз басың ауырар.

Жауабы: Сүт шәй, қаймақ
Дөп-дөңгелек қос батпан,
Бірі айланып зыр қаққан.
Қарттардың ең керегін,
Дәннен үгіп беретін,
Бұл не айтшы зерегім ?!

Жауабы: Қол диірмен
Қара тауды тазалаған,
Сәбилерді мазалаған.
Қия бетті тақырлап боп,
Бүктетіліп тасаланған.

Жауабы: Ұстара
Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!

Жауабы:..
Үй тігерде керек,
Борандар да тірек.
Айыр тұмсық сұм заттың,
Кім айтады атын?!

Жауабы: Бақан
Ұзынырақ бақаннан,
Жаңбырлы күні бата алған.
Киіз үйдің қажетті,
Бір мүлігі аталған.

Жауабы: Тіреуіш
Қос құлақты ыдыс,
Тоқылады жүннен.
Ақ дәм, азық, дән салып,
Бабалар артып жүрген.

Жауабы: Қап, дағар
Төрт сирақты таған,
Төрден орын алған.
Қаншама дүние үстінде,
Күшіне қайран қалам.

Жауабы: Жүк аяқ
Теріден қуыстап,
Аузына ағаш сап қайыған.
Қарашы дұрыстап,
Іші толған сайман.

Жауабы: Талыс
Темір де, ағаш та емес,
Ыдыс, су құяды.
Шөлдерде қатады ес,
Мол су сияды.

Жауабы: Тұлып, мес