meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Аралайсың әлемді,
Шаршамайды ол енді.

Жауабы: Көз
Іші жыртық,
Сырты тыртық.

Жауабы: Кедейдің киімі
Желіні тас,
Тұяғы ағаш.

Жауабы: Бесік
Бәрі, бәрі тұйық,
Іші толы сұйық.

Жауабы: Жұмыртқа
Жас кезіңде өзіңмен қатар.
Қартайғанда алда.

Жауабы: Еңкейген кәрінің басы, кеудесі.
Аяқ-қолсыз өсіпті,
Ашып-жабар есікті.

Жауабы: Жел
Ақбоз десең ақбоз,
Көкбоз десең көкбоз.

Жауабы: Мұз
Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оның аты...

Жауабы: Қияр
Болғанменен көп инесі,
Іс тікпейді оның иесі.

Жауабы: Кірпі
Ерекше кескіні бар қызық карта,
Бет-аузы айқыш-ұйқыш сызық карта.

Жауабы: Кескін карта
Ескегі бар -
Жүзбейді,
Ұшудан үміт үзбейді.

Жауабы: Жел диірмен
Адамдарға қажетсің,
Құйғытқанға не жетсін?!
Жарыс бізге ұнайды,
Бәйге сізді сынайды.

Жауабы: Жылқы
Түсім менің күлгін,
Жетпес маған сүлгің.
Жемеймін мен етіңді,
Ал өсімдік өтімді.

Жауабы: Піл
Толық жасқа толғанда
Бұзауқаның кім болмақ?

Жауабы: Тайыншақ
Қара жолақ сары шекпен,
Елдің бәрі зардап шеккен.

Жауабы: Жолбарыс
Тез өседі,
Көп жейді:
Сәбіз жейді,
Шөп жейді.
Құлақтары қалақтай,
Зытып берер жолатпай.

Жауабы: Қоян
Жүнім желкілдеген,
Құйрығым үлрілдеген.
Сияқтымын жалын,
Жаңғақ құмар жаным.

Жауабы: Тиін
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар.

Жауабы: Таба нан
Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.

Жауабы: Жұмыртқа
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
“Құраннан” бір жас үлкен немене екен?

Жауабы:..
Сауытын шештім сақтанған,
Көрінбеді ақ тоннан.
Ақ тонын да шешіп ем,
Сары тон шықты ішінен.
Сары тонын шешіп ем,
Түк таппадым ішінен.

Жауабы:..
Қар дейін десем,
Қап-қатты.
Тас дейін десем,
Тәп-тәтті.

Жауабы: Қант
Ұя, ұлу, ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс, жұмыртқа, бұтақтың,
Ортасында келемін.

Жауабы: Ұя
Бір беткейде екі көл.

Жауабы: Көз
Күміс қасықтың
Асты алтын.

Жауабы: Тіл мен сөз