meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.

Жауабы: Кітап
Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.

Жауабы: Кітап
Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.

Жауабы: Кітап
Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сауыт тасы бар..
Тағамға ұқсас атауы,
Шешуін оның табыңдар.

Жауабы: Ұлу
Аяғы бар басы жоқ,
Тұлғасы бар қарны тоқ
Екі жақтау қорғаны,
Ол болмаса сорлады.

Жауабы: Айқұлақ
Бақалшағы жоқ сыртында,
Үккісі бар ұртында.
Қорегін ұстар таяғы,
Арқанға ұқсас аяғы.

Жауабы: Сегізаяқ
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады.

Жауабы: Алма
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген.

Жауабы: Түлкі
Көз жасты – жылауық,
Келе жатыр бір алып.
Жабырқаса жылайды,
Жадыраса тарайды.

Жауабы: Бұлт
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?

Жауабы: Жетіген
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.
Әндетіп шығар әні бар,
Бұл аспап, қай аспап?

Жауабы: Қобыз
Көздері бар, қабағы жоқ,
Әсте кірпік қақпайды
Ол қай жәндік суға салсақ
Тұншықпайды, батпайды.

Жауабы: Балық
Пайдаланып тұрғанда
Тастайсың суға лақтырып
Пайдаланып болған соң,
Арқалайсың сорғытып.

Жауабы: Ау
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың.
Бұл не?

Жауабы: Сабын
Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолын да,
Сипайды жонын да. Бұл не?

Жауабы: Сүлгі
Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ тісі бар.
Басыңмен ісі бар. Бұл не?

Жауабы: Тарақ
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?

Жауабы: Айна
Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.

Жауабы: Апта күндері
Барлығы бірдей саннан тұратын 5 тақ сандардың қосындысы 14 болса, бұл тақ сан қанша?

Жауабы: 11+1+1+1=14
3, 8, 11, 19, 30, 49, ?, Мына сандардағы сұрақ белгінің орнында қандай сан болуы тиіс?

Жауабы: Солдан бастап екі санды қосқанда үшіншісі шығады...
Ағашта жабысып тұрады
Тұмсығын алмай ұрады.

Жауабы: Тоқылдақ
Аппақ доп тауып
Шақырды ақ ...

Жауабы: Тауық
Қар суы еріп, сай-салаға толады,
Жер көгеріп, бүршік атып,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктем
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.

Жауабы: Кітап
Өзі арық, сөзі – әріп.

Жауабы: Қалам