meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Сүмбелі теректі,
Қызыл желекті.
Ерден қалмайды,
Жауда керек-ті.

Жауабы: Найза
Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім..
Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.

Жауабы: Бір жыл
Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Жауабы: Қыс..
Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.

Жауабы:..
Өз елімде жеке едім,
Желкілдеген бек едім.
Мұнда келіп сайландым,
Қырық жерден байландым.

Жауабы: Тоқылған ши
Әуелде шөп едім,
Жерде өскен көк едім.
Қолға түсіп қиылдым,
Он жерімнен буылдым.

Жауабы: Ши
Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге..
Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.

Жауабы: Айна
Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.

Жауабы: Айна
Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.

Жауабы: Шымылдық
Ел ішінен келді, аты жоқ,
Ел оған ат берді жаны жоқ.
Соғымына екі қой берді,
Еті бар, сүйегі жоқ.

Жауабы: Жаңа туған бала
Жаралғанда жабысқан.

Жауабы: Адамның есімі
Өлмесең де өлмейдi,
Өлсең де өлмейдi.

Жауабы: Адамның есімі
Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.

Жауабы: Бесіктегі бала
Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

Жауабы: Ана сүті
Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.

Жауабы: Адамның тәрбиесі
Жаламада жалғыз тұяқ.

Жауабы: Кіндік
Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі, отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері

Жауабы: Тіс, саусақ..
Жиырма баласы бар төртеуара,
Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.

Жауабы: Аяқ-қол..
Айдын көлде асыл тас,
Ау салса да алынбас.

Жауабы: Тіс
Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң бір-біріңе таялмай тұр.

Жауабы: Аяқтың, қолдың..
Жайлаған бір көшеде отыз бөрі,
Он жігіт сол бөрінің қызметкері.
Сайраған ортасында жалғыз қызы,
Бүркейді оның бәрін екі тері.

Жауабы: Отыз тіс..
Оным отызға бердi,
Отызым ылпыңға бердi.
Ылпың жылпыңға бердi
Жылпың жылжыта бердi.

Жауабы: Тамақ жеу
Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.

Жауабы: Түкірік