meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Аяқпен теп,Баспен соқ.Қол тигізбе,Құқың жоқ. (Аяқдоп)
Айдалада алыс,Жатыр темір ауыз.Аяқтан қабар жауыз. (Қақпан)
Айтқанды айтқан,Қайталап жатқан.Торда ұстап баққан (тоты құс)
Із тастап, жүзер,Суалып бітер. (қалам)
Тапқан басқа,Басқан басқа,Сормаңдай қасқа. (шөже)
Бергенмен аумақты,Бермепті оған салмақты. (қаңбақ)
Сап - сары боп түзде жатыр,Ішінде ұрық жүздеп жатыр. (қауын)
Бар басында үкісі,Қабат - қабат күпісіҚатар - қатар кіл тісі. (жүгері)
Бұл үйдің жоқ, дұрысы,Бала тұрар бұрышы. (киіз үй)
Ұшып жүр күймелі,Қалайы инелік. (тікұшақ)
Жерге тимей жотасы,Атанған күш атасы,
Ортасында сан халық,Белдескенде жан салып.Қайраттыны кім дейді,Айбаттыны кім дейді?Жауабы: Балуан
Әжем  бұрымын
Қазыққа  кереді.
Жылжытам  деп  алға,
Қылышын  кереді. 
(өрмек)
Біреу  бар  кей  үйлерде  жүрген   саяқ.
Түйреген  қалпағына  темір  таяқ..
Беліне  ұзын ..
Сансыз  ойлар  бетімде,
Сайрап  жатыр  әр  тілде.
Керекпін  мен  әр  күнде,
Өшпейді  бір ..
Ағаштың  бүрін,
Талшық  қып  жүрмін.
Қар  астын  үңгіп,
Үй  қылған....(құрмын)
Құста  сүт  бар  дегізген,
Балапанын  емізген.
Есімімді  егер  шын,
Білгің  келсе......(көгершін)
Басында  таяғы  бар,
Төрт  аяғы  бар.
Сегіз  құлағы  бар,
Иегінде  сақалы  бар. 
(Ешкі)
Зытады  менен,
Аңдар  да  үркіп,
Жез  тұяқ  ерен
Қыранмын....
(бүркіт)
Санау үшін адамды, талды, малды,Ертеден мұра болып қалды,Көбейтіп, бөліп, азайтып,Қосамыз күнделікті ол санды.(натурал сан)
Айқасқан екі таяқ,Тұрады жоқты сұрап.(икс )
Біз санбыз сызықпен бөлінген,Математиканы ұқпас адамғаҚұбыжық боп көрінген.Дұрыс, бұрыс, аралас,Ондық болып бөлінген.(бөлшек сан)
Математикалық таңба ол,Білімің болса, ашасың,Теріс сан болса астында,Мағынасыз деп қашасың.(квадрат түбір )
Аспанда бір алып құсЫзғып ұшып барадыҚарап тұрсаң ғажайыпСоңында із қалады (Зымыран)
Күміс қанат сұңқарыКөкке еркін сүңгидіБұлттан да тым әріКеткен жанды кім дейді?  
 
Жауабы: Ғарышкер
Ауа туралы жұмбақ
Көзге ілінбейді,Жұтсаң білінбейді.
 
Жауабы: Ауа