meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Төрт тесіктен өткен не,Қадап оны кеткен не? (түйме, ине)
Құлаштап лақтырған,Басын қаптырған. (қармақ)
Ну орманда отыр,Күндіз көрмес соқыр. (Үкі)
Бұралып қос құлағы,Күмбір қағып тұрады. (домбыра)
Тураймын деп өзін,Жасаурап тұр көзім (пияз)
Оранып көп жапыраққа,Өсіп жатыр атырапта. (орамжапырақ)
Дәнге толы табағын,Көтеріп тұр сабағы.Төңкермеген бәрін де,Төкпейді бір дәнін де. (күнбағыс)
Жастық шақта қара орман,Қартайғанда ағарған (шаш)
Өңшең ала жатырЖататыны, шала жатыр.Піскендері үзіліп жатыр,Піспегендері тізіліп жатыр. (қарбыз)
Жарықта көрмес кәріп,Түнде тұр көзді қарып. (электр шамы)
Оттай ыстық табаны,Мыж-мыж қыртысты,Тігісті жазып барады. (үтік)
Шаң жұтып жатқан:Ішегін тартқан,Ұзын арқан. (шаңсорғыш)
Етегінде қалтасы,Қалтасында баласы. (кенгуру)
Өртенбеген өңеші,Қайнамайды о несі. (самаурын)
Арқаға екі бөлгенді,Үшке жарып өрген-ді. (бұрым)
Кейпі – пілдей,Көлемі – тілдей. (тышқан)
Күні - түні ояу,Шаршамайсың сол-ау. (Сағат)
Өзі зәрлі,Бергені нәрлі. (Ара)
Күндіз сөйлеп тынымсыз,Түні бойы тұр үнсіз. (Радио)
Қопарып қартысты,Келеді бір тісті. (Соқа)
Адам көтерген шатыр,Қалқып келе жатыр. (Парашют)
Мейлің қалай лақтыр,Жерге тимес арқасы,Төрт аяқпен тақ тұр. (мысық)
Көтере алар өлшемі,Ілгегіне іліп ап,Он килоның мөлшері. (безбен)
Жерге түсірмеу үшін допты,Қос қолмен қағып,Бір қолмен соқты. (волейбол)
Бірін - бірі шаршы,Алпыс төрт шаршыда,Жиырма төрт қарсы. (дойбы)