Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Күндіз алшақ қос қатарлы тал шарбақ,Түн ішінде көлді орай қоршалмақ.Кірпік
© Мұзафар Әлімбаев
Жұғысқанын жұқартады,Өзі бірге жұқарады.Оған тисе тура келіп,Өткірлер де мұқалады.Қайрақ
© Мұзафар Әлімбаев
Аязды түн мейлі,Ақ қарда түнейді.Тоңуды білмейді,Моюды білмейді,Шырқап ән айтады,Шынығып қайтады.Альпинист
© Мұзафар Әлімбаев
Таңертең бар, кешке жоқ,Кеш түгілі, түсте жоқ,Мен әдемі моншақпын,Ірі емеспін, ұсақпын.Мойнына ешкім таға алмас,Мендей мөлдір таба алмас.Шық
© Мұзафар Әлімбаев
Тұмсығына бұйда тауып байласаң,Қақпайлап жай айдасаң,Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,Бүтіндейді жыртықты.Ине
© Мұзафар Әлімбаев
Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,Байлауынан бір босамас қызық ат.Тіс пен тіл
© Мұзафар Әлімбаев
Көсеуді бесеуге тықтым.(Қолғап)
Қаз – қатар тегісі бар,Қақпақсыз есігі бар.Көмейінде тілі бар,Аузын буар жібі бар,Кеме сынды пошымы,Білсең айтшы, осыны?(Бәтеңке)
Әжеме өң берген,Жиегін көмкерген.Етегі желкеңдей.Киім еді ол нендей?(Кимешек)
Ортасы күмбез,Іргесі тегіс – ті.Күннен қорғайды,Шыңдағы егісті.(Қалпақ)
Қара құрым жайлы өзі кигенінде,Іздері жоқ біздің де, түйменің де.(Пима)
Адамның сәгі,Онсыз мәні жоқ.(Киім)
Тастамайды белінен,Балалардың көбі оныКүресуден теңімен,Кім қашады дегені.(Белбеу)
Түзде адымдайды,Үйде дамылдайды,Дәлізге жұрт тастайдыТөрге аяқ баспайды.(Сыртқа киетін аяқ киім)
Бес ін, бес ініңАузы бір ін.(Қолғап)
Таңертең тұрдым,Екі сайды құдым.(Шалбар)
Маңдайы бар тілі жоқ,Құлағы бар үні жоқ.(Құлақшын)
Күндіз төбеңе шығады,Түнде шегеге шығады.(Бөрік)
Қалда да,Дала да,Хабарласа алады.Бірақ кейде,БіразҮнсіз қалады.(Ұялы телефон)