Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын. тышқан
Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені кактус
Ақпаратты қағазға шығарады Бұл құрылғы қалай аталады? принтер
Экранның бетінде оның тұрағы,Қашан болсын жыпылықтап тұрады.курсор
Барлық қыз жылына 1 рет 15-20 минут киіп тамсанып шешіп қояды, сосын соны келесі жылы қайта киіп дәл солай көреді ол қыздың 8 жасынан 80 жасына дейін..
Қағады ылғи қанатын,Қанаты жоқ талатын.Ұшпақ түгіл жыраққа,Тапжылмайды бірақ та.Жел диірмен
© Мұзафар Әлімбаев
Басы жоқ, денесі жоқ, құрсағы бар,Ішінде құрсағының жұмсағы бар.Жатарда ұнатады ұйқтағанды,Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар.Жастық
© Мұзафар Әлімбаев
Ешбір тіреусіз күмбез,Ешбір сүйеусіз күмбез.Ешкім көтере алмайтын күмбез,Ешкім төңкере алмайтын күмбез.Аспан
© Мұзафар Әлімбаев
Табан, табан, табан ат,Қашан көрсең, жарау ат.Өрге салсаң, шабан ат,Қара жерде табандап,Омбы қарда шабады-ақ!Шаңғы
© Мұзафар Әлімбаев
Үш жүз алпыс және алты құсы бар,Кезегімен бір-бірлеп ол ұшырар.Жыртпалы календарь
© Мұзафар Әлімбаев
Қаласы бар, үйі жоқ,Өзені бар, суы жоқ.Орманы бар, бүрі жоқ,Бақшасы бар, гүлі жоқ.Географиялық карта
© Мұзафар Әлімбаев
Өзін көзің көрмейді,Барлық тілде сөйлейді.Сені «Мен!» – десең, «Мен!» – дейді,Сен: «Кел!» – десең, келмейді.Жаңғырық
© Мұзафар Әлімбаев