meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Таста бар,Құмда жоқ.Тауда бар,Бауда жоқ.(Т)
Данада бар,Сарада жоқ.Динада бар,Ирада жоқ.(Д)
Қыста бар,Жазда жоқ.Наурызда бар,Сәуірде жоқ.(Ы)
Суда бар,Балықта жоқ.Тауықта бар,Жемде жоқ.(У)
Сізде бар,Бізде жоқ.Сенде бар,Менде жоқ.(С)
Ашада бар,Асада жоқ.Шашта бар,Қаста жоқ.(Ш)
Маралда бар,Мұратта жоқ.Оралда бар,Таразда жоқ.(Л)
Ойда бар,Қыда жоқ.Отта бар,Суда жоқ.(О)
Раушанда бар,Лалада жоқ.Ринатта бар,Алматта жоқ.(Р)
Аюда бар,Түлкіде жоқ.Тышқанда бар,Мысықта жоқ.(А)
Разъезде бар,Пойызда жоқ.Подъезде бар,Үйлерде жоқ.(Ъ)
Лагерьде бар,Бекетте жоқ.Конькиде бар,Шаңғыда жоқ.(Ь)
Чемоданда бар,Сөмкеде жоқ.Чапаевта бар,Ақтаевта жоқ.(ч)
Экранда бар,Уранда жоқ.Экскаваторда бар,Кранда жоқ.(Э)
Цементте бар,Әкте жоқ.Циркте бар,Керікте жоқ.(Ц)
Щеткада бар,Шегеде жоқ.Ащыда бар,Тәттіде жоқ.(Щ)
«Ж»-ның жартысын тонап па?Тонаған жан олақ па?Сол жағынан тұлдыр жоқ,Оңы алдырмас болат па? (К )
Тақиясын түрді Шалқалата киген.Сол телпексіз түрі,Айнымайды «и-ден».                      ,(И)
Екі таяқ бірігіп,Аяқ басқа ілініп,Иір әріп қүрады,Қиындығы білініп. (И)
Үштік шықты елеуреп,Сан болудан қашып.«Дыбыс болып көрем» деп,Сөз қүрауға асық. (З)
Жалғыз таяқ өрмекшіТөрт аяқтап көрмекші.- Аяқтарың майысқан,Кел, өрмекшім, төрлетші.(Ж)
Кірпідей қос қүлақты «И» мен «0»-ны құрапты.Сөйтіп өзі ерекшеӘріп болған тұрақты.                     ..(Е)
Үш тармақты айырдыңСалалары шорт сынды. Сабынан да айырдым,Тіктеп тұрып ол тынды.(Е )
«А»-ны керген ер таяқ Шығып кетті бүйірлеп.Екі жақта екі аяқҚамыт болып иілмек.( Д )
Белбеу тағып беліне,Басын иіп мүлгиді.Өзге тілге еріне,Қазаққа бас шұлғиды.(Ғ )