meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Партада бар,Тақтада жоқ.Пілде бар,Тілде жоқ.(П)
Үлкенде бар,Кішіде жоқ.Үсенде бар,Асанда жоқ.(Ү)
Ұлуда бар,Жыланда жоқ.Ұлда бар,Қызда жоқ.(Ұ)
Заңгерде бар,Дәрігерде жоқ.Ұстазда барҒалымда жоқ. (З)
Газетте бар,Журналда жоқ.Гүлде бар,Ағашта жоқ.(Г)
Шахтёрде бар,Қойшыда жоқ.Монтёрде бар,Малшыда жоқ. (Ё)
Фермада бар,Малда жоқ.Формада бар,Киімде жоқ.(Ф)
Вагонда бар,Ұшақта жоқ.Ваняда бар,Саняда жоқ. (В)
Хатта бар,Кітапта жоқ.Халатта бар,Көйлекте жоқ.(Х)
Жиюда бар,Шашуда жоқ.Оюда бар,Кестеде жоқ. (Ю)
Аяқта бар,Баста жоқ.Таяқта бар,Таста жоқ. (Я)
Айда бар,Күнде жоқ.Тайда бар,Құлында жоқ.(Й)
Инеде бар,Жіпте жоқ.Илеуіште бар,Ұнда жоқ.(И)
Бірлікте бар,Тірлікте жоқ.Болжамда бар,Айжанда жоқ.(Б)
Ешкіде бар,Лақта жоқ.Елікте бар,Бұғыда жоқ.(Е)
Күзде бар,Жазда жоқ.Кірпіде бар,Қоңызда жоқ.(К)
Бұлтта бар,Айда жоқ.Құлыпта бар,Кілтте жоқ.(Қ)
Өрікте бар,Анарда жоқ.Өнерде бар,Білімде жоқ. (Ө)
Әлиде бар,Арманда жоқ.Әселде бар,Анарда жоқ.(Ә)
Тілде бар,Таста жоқ.Тісте бар,Көзде жоқ.(І)
Әжемде бар,Атам да жоқ.Жеңгемде бар,Ағамда жоқ.(Ж)
Қарғада бар,Көкекте бар.Сырғада бар,Моншақта жоқ.(Ғ
Аңда бар,Анада жоқ.Таңда бар,Табада жоқ.(Ң)
Нанда бар,Майда жоқ.Ұнда бар,Шайда жоқ.(Н)
Мысықта бар,Тышқанда жоқ.Маймылда бар,Үкіде жоқ.(М)