meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Ит сияқты жүргенменен,Үрмейді.Өмір бойы жақсылықтыБілмейді.(Қасқыр)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Көктем таңынКөк орманда атырған.Өзін-өзіӨмір бойы шақырған.(Көкек)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Басына киген тəжі бар,Таң атуын хабарлап,Тартатұғын «сазы» бар.(Қораз)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Үкінің баласындай,Байғыздың ағасындай.(Жапалақ)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғына қарапЖұбанады.Құйрығына қарапҚуанады.(Тотықұс)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Мысық құлақты,Бүркіт тұяқты.Күндіз қонып дем алған,Түнде ұшып жем алған.(Үкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақша бұлттан киінген,Бота мойыны иілген.Көзге бірден танылған,Көлден ғана табыл ған.(Аққу)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Құлағы бар есектей,Үлкендігі кесектей.(Қоян)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Құла түзде өсетін,Ағайыны есектің.(Құлан)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Асырайтын ауызын,Тұмсығы бар дəу, ұзын.(Піл)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қожыр тастыМекендегенҚошқар басты.(Құлжа)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ат жақты,Арқар тұяқты.Селкілдетіп сақалын,Қой бастаған тапалым.(Ешкі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғы мен көзі де,Жусайтұғын кезі де.Маңырап бір тұруы,Маңайда оттап жүруі –Кəдімгі таудағы аң,Арқардан аумаған.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Шекесінде қос тобылғы қазығы,Дала менен үйде оның азығы.Бұғы құлақ,Бұлан тұяқТауып ал,Бұл қандай жануар?(Сиыр)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қамыс құлақ,Тостаған тұяқ.Сүті дəрі,Еті тамақ.Өріс толған,Шоқ-шоқ орман.(Жылқы)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Оюы бар үстіне,Өрмекшінің торындай.Аң біткеннің ішіндеТұлғасының зорын-ай!(Түйекиік)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Маң-маң басып бел асқан,Қос баласын арқалап.Құмды,Шөлді жер басқан.(Түйе)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Жайласа даҚалың ағаш арасын.Тастамайды төбесіненБұтақ-бұтақ ағашын.(Бұғы)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Разъезда бар,Пойызда жоқ.Подъезда бар,Үйлерде жоқ.(Ъ)
Лагерьде бар,Бекетте жоқ.Конькида бар,Шаңғыда жоқ.(Ь)
Чемоданда бар,Сөмкеде жоқ.Чапаевта бар,Ақтаевта жоқ.(Ч)
Экранда бар,Уранда жоқ.Экскаваторда бар,Кранда жоқ.(Э)
Цементте бар,Әкте жоқ.Циркте бар,Керікте жоқ.(Ц)
Щёткада бар,Шегеде жоқ.Ащыда бар,Тәттіде жоқ.(Щ)
Айдаһарда бар,Жолбарыста жоқ.Шаһарда барӘлемде жоқ. (Һ)