Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Түйдек-түйдек,Түйе жүні ұшады.Жарқ-жұрқ етіпЖанындағы пышағы.Барабанын қағады,Бауырынан су ағады.(Жазғы бұлт)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Жердің бетін тоңдырған,Ақ қанатты құстарын,Аямай-ақ қондырған.Қырауланып қабағы,Қыбырлаған тірлікке,Қаһарлана қарады.(Қыс)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Аяғы жоқ жүреді,Көздері жоқ күледі.Ағайынды екеуін,Бүкіл əлем біледі.(Ай мен Күн)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Жаз шыққанда жатпайды,Суға салсаң батпайды. Көмегімен адамныңКөлдің бетін таптайды.(Қайық)
© Кеңесжан Шалқарұлы
ЖұмыртқасынҚұммен ғана көмкерген,ТостағанынТу сыртына төңкерген.(Тасбақа)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Тіл алсаң тиме,Үсті толған ине.Бірде жүрсе собалақ,Бірде жүрер домалап.(Кірпі)
© Кеңесжан Шалқарұлы