meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Қолы жоқ болса да,Қақпаны қағады.Аяғы жоқ болса да,Алыс жерге барады.(Жел)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қанаты жоқ ұшады,Қолы жоқ жерді құшады.(Жел)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Гүрілдеген даусы,Дүрілдеген дыбысы.(Боран)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Аспанға ұшқан айдаһар,(Осындай тұлға қайда бар).(Құйын)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Басқан ізі білінбес,Қасы көзге ілінбес.(Еңбегі еш адам)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Торғай қанатты,Торы түсті.(Көбелек)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бұрқыраған буы бар,Толқынменен жуынар.(Кеме)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Шуақты жақсы көреді,Шырайланып күледі.(Гүл)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Домаланған ақ үйім,Көрген жерден танимын.(Жұмыртқа)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қолмен ашамын,Қорғалап басамын.(Есік)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Домаланса – доп болады,Түрегелсе – жоқ болады.(Кірпі)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Өзі – ағаштың бұтағы,Отпен ойнап тұрады.(Көсеу)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қырда ұшып,Қырға қонады.Гүл боп ұшып,Гүлге қонады.(Көбелек)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Елде де жоқ,Менде де жоқ.Жерде де жоқ,Сенде де жоқ.Тыста да жоқ,Құста да жоқ.Көпте де жоқ,Көкте де жоқ.(Құс сүті)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Жуастың жуасы,Иіс суы – шуашы.Айыр тұяқ – аяғы,Терісі тон баяғы.(Қой)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақ тоным еріп кетті,Көк тоным келіп жетті.(Қар мен көктем)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бауырында төрт таған,Арқасында тостаған.(Тасбақа)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Түске дейін ұйықтайды,Түстен кейінештеңені ұқпайды.(Жалқаулық)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Қарап тұрсаң, келбеті –Гүлге оранған,Көктемдегі жер беті.(Кілем)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Есіңнен тандырады,Жұмыстан қалдырады.(Ауру)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Тісін қайрайды,Тілін шайнайды. Түтігіп терлейді,Түйені көрмейді.(Ашу-ыза)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Таңертең жыладым,Тал түсте тұрамын.Тас қараңғы болғанда,Талдан аяқ сұрадым.(Адамның туғаны, өмір сүрген кезі, қартайған шағы)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Темірден тілі бар,Тебіренген үні бар.(Қоңырау)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Бір төбегеБіткен орман.(Шаш)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ақ тиінімҰядан қарғып түсті.(Түкірік)
©  Кеңесжан Шалқарұлы