Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Өзі азулы, тырнақты,Жейді шөпті, қияқты.Айтсам егер бейнелеп,Ақ аюдың көлеңкесі сияқты.(Қара аю)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Тау, даланы тұмшалап,Көміп кетіп барады.Күреңітіп күн санап,Көлкіп кетіп барады.(Тұман)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Тал басында гүлдер-отГүл басында күндер көп.Бұтақтарға ілінген,Бүлінбеген үлпершек.(Бүлдірген)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Шырт киінген,Шықпайды үйіңнен.Жылы жерге берілген,Жолбарыстай керілген...(Мысық)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Үсті теңбіл не түрлі,Бұл да дельфин секілді.Жүре алмайды ырғымай,Тұмсығы бар бұрғыдай,Сонымен мұз жарадыАзығын да алады.(Бұрғытұмсықбалық)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Теңіздерде жүретін,Толқын сырын білетін.Тұла бойда күші бар,Аузында өткір тісі бар.Сол тісімен балықты,Талай ұстап алыпты.Адамдарды біледі,Көрсе..
© Кеңесжан Шалқарұлы
Кімнен барып үйреніп,Қайда жүріп «оқыған»?Жаздың күні өрмекті,Жалықпайды тоқудан.Өнерімен табады,Өзіне тəн тамағын.(Өрмекші)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Қашса менен құтылар,Оның да екі ұрты бар.Жас болса да соншалық,Кəдімгідей мұрты бар.(Бала мысық)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Тілі сөзге келмейді,Бірдеңе деп сөйлейді.Еңбектейді, жүреді,Талпынады, күледі.(Бөбек)
© Кеңесжан Шалқарұлы