Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Ұйқыдан бас тартпайтын,Жұмыстан қашқақтайтын,Табатын түрлі сылтау,Бұл кім еді?(Жалқау)
© Марат Нұрқалиев
Мінезі үйлеспейтін,Адамша сөйлеспейтін,Қоғамға қылығы жат,Ол кім?(Бюрократ)
© Марат Нұрқалиев
К-дан бастасаң – Күріш. Д-дан бастасаң не?(Дұрыс)
Ү-ден бастасаң – Үн. Ұ-дан бастасаң не?(Ұн)
А-дан бастасаң – Аға. Ж-дан бастасаң не?(Жаға)
Б-дан бастасаң – Борсық. Т-дан бастасаң не?(Торсық)
Л-дан бастасаң – Лақ. Қ-дан бастасаң не?(Құлақ)
Жауып жаңбыр,Жер сабыр,Шөп,жапырақ соладыБұл қай кезде болады? (Күз)
Күн ысып,Жеміс-жидек пісіп,Ел пішенін орады, Бұл қай кезде болады?
Күн ұзарып қар еріп,Су сайларға толады,Бұл қай кезде болады?
Суда мұз бар,Жерде қар барБоран боп соғадыБұл қай кезде болады? (Қыс)
Судан алады, Суға салса өледі. 3 әріп тауып беріңіздерші өтініш.
Мектептiң алтын орағы,Зейiндiлер одағы.Жақсы көрер бар бала,Зерекке дос ол дағы. (Бестiк)
Жақсыменен тең көрген,Ата-ана да жөн көрген.Орындықпын төңкерген. (Төрттiк)
Жалғас жатқан қос шеңбер,Бұйiрiнде қақпасы.Көрсең де оны дос сендер,Жақсы, жаман ортасы. (Үштiк)
Қабат-қабат қатталған,Асыл сөзбен апталған.Парағы бар сөйлейтiн,Ол қазына өлмейтiн. (Кiтап)
Сансыз ойлар бетiнде,Сайрап жатыр бар тiлде.Қажетпiн мен әр күнде,Өшпейдi бiр әрпiм де. (Қағаз)
Төрт қырлы, өзi аппақ,Тақтадағы iзi аппақ. (Бор)
Қаласы бар, елi жоқ,Даласы бар, шөбi жоқ.Мұхиты бар, суы жоқ,Орманы бар, нуы жоқ.Шыңдары да теп-тегiс,Кең жазықтан әр түстi,Шығыс пенен батысты –Бар..
Жайнаған бақтың әншісіТамсанған оған сан кісіСайраудан бір талдайдыӘнші құс бал таңдайлыЖауабы - Бұлбұл
Кесе,шыны, пиялаОларсыз шай құя ма?Қасықсыз тамақ жемейміз,Бәрінің атын не дейміз? (ыдыс)
Қызықтырды көзімді,Қызуында ыстық күн.Қып-қызыл боп көрінді,Тұмсығындай күшіктің.(Итмұрын)
© Кеңесжан Шалқарұлы
Қиыны ғой қиынның,Алу үшін түйірін.Бұжыр-бұжыр жаралған,Бүйрегіндей сиырдың.(Бүлдірген)
© Кеңесжан Шалқарұлы