Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Бiр-бiр жастан арамыз,Бауырластар он екенбiз.Қызметiмiз:Қосып,Аламыз,Бөлiп,Кейде көбейтемiз.(Цифрлар)
© Ескен Елубаев
Астау десе болады,Науа десе болады.Су iшiнде тұрса да,Суға ол қашан толады?(Қайық)
© Ескен Елубаев
Ұзын құйрықтыIлгерi ентелеп барады.Iлгерiлеген сайынҚұйрығы келте боп барады.(Сабақталған ине)
© Ескен Елубаев
Екi басы бар,Темiр тас бар. Қаз-қаз, қаздай тұр,Тең қалпын жазбай тұр.(Таразы)
© Ескен Елубаев
Отыз екi мықтыҚаз-қатар боп шықты.Он алтысы асты,Он алтысы үстi.Бiрлеп шықты,Бiрлеп түстi.(Отыз екi тiс)
© Ескен Елубаев