Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.
Қыдыр ата тас қойдым,
Қызыл өгізді бос қойдым.
Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба?
Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері.

жауабы - Тіл, тас..
Айтайын мен бір жұмбақ ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың сол түбінде,
Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.

жауабы..
Бір төбеде үш бастау,
Біреуінің суы - тәтті,
Біреуінің суы - ащы,
Біреуінің суы - сор.

жауабы - Ауыз, жас, сор
Бір ұраның аузында
Бір бау сора.

жауабы - Ауыз бен сақал, мұрт
Абайлап жүргін алдында,
Аңқайған ұра тұрыпты.
Ол ұраның ішінде,
Гауһардан қора тұрыпты.
Ол қораның ішінде
Ақылды дана тұрыпты.
Ол дананың..
Бір сарай, бір миыммен тазаланған,
Екі серік бір досы бар қасына алған.
Болғанда еден гауһар, желден самал,
Жер жүзі сайран болған жалғыз..
Ағады тау басынан сегіз бұлақ,
Төртеуі ащы, үшеуі тәтті тым-ақ.
Ащы да емес, төртеуі күшті де емес,
Екі жапырақ өспейді тіпті бірақ.

жауабы ..
Беткейде бес есік.

жауабы - Екі танау, екі көз, ауыз
Бір тобықта жеті жыртың.

жауабы - Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз
Дарияның інжу-маржан шеттерінде,
Не кітап, оқу жоқ беттерінде.
Қайын ба, қарағай ма, яки тал ма,
Тармасқан тоғай таудың бөктерінде.

жауабы ..
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас.
Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады.
Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты.
Екі жар бірін бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасына сабалаған.
Тұнық суға ши ұстадым.
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.
Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
Таудан тары домалайды,
Оны он екі қаз қуалайды.

жауабы - Көз жасы
Таудан тас құлады.

жауабы - Көз жасы
Бір көлде екі түрлі сүт бар.

жауабы - Көздің ағы мен қарасы
Ары жүгір қаратай,
Бері жүгір қаратай.
Тал түбіне барғанда,
Тайып жығыл қаратай.

жауабы - Көздің қарашығы
Сырты қылшық,
Іші былшық.

жауабы - Кірпік пен көз