Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Бес айналы туыс,
Тапқаны бiр қуыс.

жауабы
Тырнақ пен етік
Күнi бойы жүргiзедi,
Үйге де кiргiзедi.
Бiрақ, өзi iзеттi,
Босағада қалып
Шығуымды күтедi.

жауабы
Аяқ киім
Күндiз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.

жауабы
Аяқ киім
Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.

жауабы
Көйлек
Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм.

жауабы
Шалбар
Аузы бiр –
Қос құбыр.

жауабы
Шалбар
Iшi – егiс,
Сырты – тегiс.

жауабы
Тон
Сырт жағына зер жiппен,
Көз тартатын көрiкпен.
Ою-өрнек бастырған,
Шалқасынан тастаған,
Кәдiмгi сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкерiп,
Төңiрегiн..
Әшекейлi күбiнi,
Үюлi тұрған шөмеле,
Кигiздiм биiк төбеге.

жауабы
Сәукеле
Әкем ақ тауын,
Ақ шарбымен орады.

жауабы
Сәлде
Ортасы күмбез,
Жиегiн көмкерген.
Етегi желкендей,
Киiм едi ол нендей?

жауабы
Кимешек
Қыста,
Шығарда тысқа,
Құлағы салпақ,
Құйрығы жалпақ,
Төбесi жайпақ,
Түктi маңдайы тайпақ,
Iшi мамық байпақ.
Қара орманды қаптадым,
Сөйтiп жан..
Дорбаға тығып, бас бағын,
Байлай салдым қос жағын.

жауабы
Тымақ
Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi.

жауабы
Киiм
Төрт таяққа керiлдi,
Әдемi үй боп көрiндi.

жауабы
Шатыр
Жиегiне қағылар,
Әр есiктiң қалы бар.
Ол болса қақпа да
Ашылып-жабылар.

жауабы
Топса
Қақпаның қалы,
Оның да бар
Оң мен солы.

жауабы
Топса
Күзетем деп үйдi,
Жұдырығын түйдi.

жауабы
Құлып
Көмейлете iндi,
Сүңгiтiп ем тiлдi.
Темiр кiсен дiнi,
Кейiн қарай шегiндi.

жауабы
Кiлт
Үйден
Ең соңынан шығатын кiм?
Үйге
Ең алдымен бас тығатын кiм?

жауабы
Кiлт
Келсең жолды ашады,
Кетсең жолды жабады.

жауабы
Есік
Түбiнен үзген,
Қатарлатып тiзген,
Сүйрiктi тұттым,
Таза ауа жұттым.

жауабы
Ши
Даланың тайраңын,
Қаз-қатар тұрғызып,
Отыз жерден байладым.

жауабы
Ши
Көк тiреп тұрған,
Көп таяқты буған.

жауабы
Басқұр
Дөңгелек үйдiң
Қара-шұбар жыланмен
Белiн будым.

жауабы
Белдеу