meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Он екі тесігі бар жалғыз тілі,
Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні.
Көтерер адамзатты қиналмай-ақ,
Жоқ екен күштілікке ешбір кемі.
Сап алар аузын..
Ағайынды төрт кісі,
Бір қалпақты киеді,
Төрт кісіні төрт жерден
Төрт ғашығы сүйеді.

Жауабы: Сандал
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.

Жауабы: Етік
Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар,
Жігітке пайда болар бір жайы бар.

Жауабы: Қолғап
Бір шұқырда мың шұқыр.

Жауабы: Оймақ
Мылжа басты,
Мың көзді.

Жауабы: Оймақ
Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.

Жауабы: Оймақ
Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.

Жауабы: Өрмек
Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе жарасар.

Жауабы: Өрмек
Қылмаң-қылмаң етеді,
Қаға берсең жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең жарасар.

Жауабы: Өрмек
Жүріп келем, жүріп келем,
Екі етекті қусырып ұрып келем.

Жауабы: Өрмек тоқу
Қосақтап серпе бердім,
Соңынан жорта бердім.

Жауабы: Өрмек тоқу
Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді,
Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.

Жауабы: Өрмек тоқу
Міне, шашым, аллаға,
Бақан, қылыш, қолға ала,
Қолымда қамшы орама
Қылыш салдым тамақтан,
Тамшы да жоқ қан аққан,
Өлтіріп әбден..
Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа,
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.

Жауабы: Өрмек тоқу
Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім,
Оң қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай сермедім.

Жауабы: Өрмек тоқу
Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.

Жауабы: Өрмек, шекпен тоқу
Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар,
Тоқыса жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.

Жауабы: Иірілген жүн, жіп
Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.

Жауабы: Тоқылған ши
Жарға жаңқа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.

Жауабы: Ши тоқу
Шым шиедей қотыр.

Жауабы: Кесте
Құйын, құйындікі түйін.

Жауабы: Шашбау
Сұлу-сұлу құнаным,
Сылдырлаған жүгенім,
Аяз күнде мінбеген,
Аяғы жерге тимеген.

Жауабы: Сәукеле
Биік таудың басында қара лашық,
Түңлік жабық болғанмен есік ашық,
Қайда жүрсең қажетің соған түсіп,
Құтылмассың керексіз деп одан..
Дүниеде бір жебір құрт бар,
Артында бір жібі бар.

Жауабы: Ине