Бөлім: «Аңыздар жинағы»
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Шыңырау (VІІ нұсқа)
Бұрын осы дүниеде бір үлкен көл болған екен. Оның ар жақ-бер жағы көз жеткісіз, әрі түпсіз шыңырау екен. Сондықтан жұрт оны «Шыңырау көлі» деп атасып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңырау (VІ нұсқа)
Шыңсысай өктемдігі заманында, халық мылтық тапсырудың қыл бұраулы қысымына ұшырапты. Осындай жан түршігерлік қысымда үкімет бір азаматты, әншейінде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңырау (V нұсқа)
Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңдау күйі
Ұлы жүздың бір тарауы Сиқым руынан шыққан батыр Тайлақ, тек күшімен емес, сондай-ақ асқан сыбызғышы ретінде танылған батыр болған. Бір күні Тайлақтың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңғысхан туралы аңыз (ІІІ нұсқа)
Ертеде бір ханның жалғыз қызы бар екен. Басқа ұл балалары жоқ екен. Осы қыз да болса ұлдай көріп жүрген жалғыз қызы бір күндері буаз болып қалыпты...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңғыс хан туралы (ІІ нұсқа)
Ертеде найман тайпасын Қайып деген хан билепті. Ханның Күнсұлу атты қызы болған. Сүйікті де жалғыз қызын хан өзеннің ортасына салынған жүзбелі ағаш..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңғыс хан (ІV нұсқа)
Бір Алтынбел деген хан болған. Ханның жалғыз ұлы бар еді, аты — Қайшылы хан. Сонан басқа баласы жоқ еді. Бір күндерде ханның қатыны құрсақты болды...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шыңғыс нәсілі (І нұсқа)
ХІІ ғасырдың басы шамасында Аюша деген қалмақтың ханының баласы болыпты. Татар-моңғол деген хан өлген соң әйелі бек көркем кісі екен. Бір күндерде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шынқожа батыр
Шынқожа батыр атағы алғаш шыққаны — жоңғардың Доба деген батырымен жекпе-жекте шығып, өлтірген кезі. Ол кезде ол жиырма бір жаста екен. Тағы бір..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шұбар киік (І нұсқа)
Ертеде құралайды көзден ататын бір аңшы болыпты. Тәңірінің бұйыртқан несібесін түзден теріп жеп, аң аулап күн көреді екен.Күндердің бір күнінде сағым..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шұбар ат
Ертеде Мәмбетәлі деген жігіт бір күні нағашысының ауылына қыдырып бара жатып, жолшыбай шұбаған көшке кездеседі. Мәмбетәлі көш бастаушы қарттан..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шора батыр (ІІ нұсқа)
Қалмақтың ханы Қараман қырық мың әскер алып, өзбектің шаһарын шабуға кеткен екен, Қайнекей, Тінекей деген екі қарындасын: «Елге ие болыңдар» деп...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шора батыр (І нұсқа)
Тама Нәрік байдың бәйбішесінің аты — Гүлқаныс, Шора батырдың шешесі. Нәрік байға Қыдырдың алты қой баққан ақсақал шал болып сөйлескені:— Қаратаудың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шора батыр
Ерте заманда қырық үйлі Тама мен мың үйлі Жасыл түрікпен қоныстас болып, мың үйлі Жасыл түрікпенде Қарахан деген хан бар екен, Әліби деген биі бар..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шопан ата
Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі — Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шәрипа
Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында күші мол, қайратты, әжуалағысы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шамшырақ тас
Ол заманда, жазда, қазақ ауылдары мал жайылымын өзгертіп, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отырған. Сондай бір көште Тананың әкесі Тілеміс би..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шалқыма
Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған.Осындай бір жылдары көктем..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шалқайма
Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауыл-дастарын шақырып алып:— Қотаныңнан шыққаның —..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шал бүркіт
Ертеде бір қазақтың жанында жақсы көретін, қасқыр мен түлкіге найзағайдай түсетін аңшы бүркіті болыпты. Ол көп жыл өмір сүріп, ақырында қартайып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шақыру
Есте жоқ ескі заманда ен даланы еркін жайлап, мұңсыз-қамсыз ғұмыр кешкен ел күтпеген бір нәубетке тап болады. Ел шетінен білінген қалың жылан ордасы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Шақшақ Жәнібек батыр
Шақшақ батыр жорыққа он алты, он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе керек. Әржақта бұлардың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ханшайым
Бір жылы Кенесары қалың қолымен Арқаның Бетпақдала жақ жапсарындағы Болат, Тайатқан, Шұнақ, Мұңлы, Қулы тауларын тұрақ етеді. Бұл жерлер Шұбыртпалы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Хан жұбату
Ертеде халқына қайырымды бір хан болыпты. Халқына қайырымды болған соң, ханға төңірегіндегілер де құрметпен қарайды екен.Ханның бар үміт-тілегіндей..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Хан әз Жәнібек пен қыз
Әз Жәнібек хан тоғай ішінде аң аулап жүргенде жолдастарынан бөлініп оқшаулау жүріп бір күркеге кез болады. Хан атынан түсіп, күркеге кіріп келсе..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті