Бөлім: «Аңыздар жинағы»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Тоғызбұлақ аңызы
Социалистік Еңбек Ері, КПСС XXV съезінің делегаты Жолсейіт Молдасановқа«Қашаннан таудың көркі бұлағымен,Қашаннан үйдің көркі шырағымен.Қашаннан..
©  Ғафу Қайырбеков
Ақ үй туралы аңыз
− «Абылайдың ақ үйі» - дейсің бе, сен?− Енді көріп, еркін ғой - менсінбесең!Қызылжардың бастағы тәжіндей боп,Сол түсетін..
©  Ғафу Қайырбеков
Бекет ата туралы аңыз
Әулие Бекеттің қабірі жан-жағы құз-шатқал, жетуі қиын-қыстау бір шыңның басында көрінеді. Қазіргі күнде вертолет болмаса бару мүмкіндігі қиын деседі...
©  Ғафу Қайырбеков
Ырыс жайлы аңыз
Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік ..
©  Балаларға арналған ертегісі
Толағай
(Ерлік туралы аңыз)IЕл аузында ертеректен,Ертек болған қызық кептенБір әңгіме есімде бар.Айтып соны баяндайын,Ерінбейін, аянбайын,Тыңдау үшін кел..
©  Әбділда Тәжібаев
Жұлдыз-қыз
АңызIЕрте кезде, тіпті ертеде...Бір қыз бопты Шолпан атты.Ақ жібектен қос қанаты,Таң алдында ұшады екен,Бар гүлдерді құшады екен.Жапырақтарға тіл..
©  Әбділда Тәжібаев
Адам туралы аңыз
«Адам — ардақты ат».
Максим Горький

 
1
— Шіркін, мен ақын болсам! Адам жанын, адам жүрегін, адамның ұлылығын..
©  Мұқан Иманжанов