Бөлім: «Аңыздар жинағы»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Айнам қалды
Күйші Соқыр Есжан жас кезінде көрші ауылдағы бір байдың Ақбикеш деген қызына ғашық болады. Ақбикеш те Есжанды ұнатқанымен екі жастың қосылуына..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың тұтқында болуы (І нұсқа)
Қалмақ елі етек-жеңін жинағаннан кейін, Шарыш сынды батырды өлтіріп, елін үлкен күйзеліске ұшыратқан Абылайды іздеді. Ұзақ уақыт іздеп, ақырында..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың тұтқын болуы (ІІ нұсқа)
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың тұтқын болуы (VІ нұсқа)
Қалмақтың ханы кәрі Аюке жалғыз қызын қырық қыз қосып, Қалдан Шерінге жіберген екен: «кімге берсе билігі Қалданда» деп.Қыс түсіп кетіп, тау кезіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың тұтқын болуы (V нұсқа)
Қалмақта құба қалмақтың ханы Қалдан Шерін деген хан болған. Оның Қарабас ханымы деген ханымы болған. Ежен (Айжан) деген жалғыз баласы болған...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың тұтқын болуы (ІІІ нұсқа)
Бұл Сарыарқаны бұрынғы уақытта ноғайлы билеп-төстеп қоныс қылып, «он сан ноғай ормамбет би өлгенде, сол Ормамбеттің елі бір алаша тайдай бүлініпті»..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың қамал бұзған жері (V нұсқа)
Абылай хан 12 жасында қасында Оразалық деген сарт бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға келіп қызмет қылады. Онда орнығып тұра алмай..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі (ІV нұсқа)
Абылай хан Қалдан Шерінге жауласпай тұрған күнінде көп елші жіберген екен. «Қазақ, қалмақтың тыныштанып, бір-біріне тимей тұруы үшін елдесіп, бітісіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың жас күніндегі өмірі (ІІІ нұсқа)
Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Абылай ұлы жүздің бір Төле би деген бидің қолында құл болыпты.Сонда Төле би: «Мұның аты Сабалақ..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың алғаш көзге түсуі (ІІ нұсқа)
Он екі жасар бала күнінде қасында Оразаулық деген сарт бар, екеуі Түркістан шаһарына келіп, Әбілмәмбет (Әбуәлмәмбет) патшаға қызметкершілік қылды. Ол..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылайдың алғаш көзге түсуі (І нұсқа)
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай ханның Майдақоңыры
Абылай ханның жорғасы болыпты. Әлгі бір жорғалағанда үш алуан — кейде арындап, кейде ақырындап, кейде аяңдап жорғалайды екен. Содан оның жорғасын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай ханның әңгімесі
Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрісіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай туралы (ІV нұсқа)
Абылайдың аты Әбілмансұр еді. Әкесі қызылбастың ханы еді. Әбілмансұр бес жасқа келгенде әкесі өледі. Хан өлген соң орда иесіз қалады. Әбілмансұр..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай туралы
Әбілпейіз деген Бұхарада хандық құрып тұрған. Оның Мәрәйім деген бас уәзірі болады. Мәрәйім Әбілпейіз ханға білдірмей, соңына ханға қарсы адамдарды..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай мен Әмірсананың достығы жайындағы аңыз
Қалмақ ханы Ғалдан Церен қайтыс болды. Ежелгі дәстүр бойынша хан тағына оның жұрағаттарының бірі ие болуға тиіс. Ғалданның Әмірсанадан басқа баласы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай және орыс елшілері (І нұсқа)
Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абылай атағын шығарған Шалқұйрық ат туралы
Аңыз бойынша, Түркістаннан шыққан Абылай бірде ең жақын туысқаны Әбілмәмбет ханның ордасына туысы оразбен бір атқа мінгесіп келеді және біраз уақыт..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Абат батыр туралы аңыз-әңгіме
Жақсықылыш, Жаманқылыш Шора ханның баласы деседі. Тұрсынбике—Асан қайғының қызы, Абаттың қарындасы деседі. Ағайынды екі жігіт Шора ханның баласы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Шымылдық қарағайдағы» шайқас
Ұлы жүз — үйсін мен Кіші жүз — жағалбайлылардан құралған жасақтардың тегеуіріндеріне шыдай алмай, тым-тырақай шегіне бастаған ойраттар Текеліге..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Шұбар киік» (ІІ нұсқа)
Ертеде несібесін түзден терген бір аңшы болыпты. Бір күні аң аулап жүріп, шұбар киікке ұшырасады. Жас лақтаған, желіні жер сызған киік екен, бірақ аң..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Абылай аспаған сары бел» аталған мәнісі (ІV нұсқа)
Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек-Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Сонда сол аста «ішкен мас, жеген тоқ» ерігіп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Абылай аспаған сары бел» аталған жер (ІІ нұсқа)
Абылай хан қазақтың ханы болған, бір Ботақан дегенді тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына айтты:— Ботақанды көрге салып келдім, — дейді..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Абылай аспаған сары бел» аталған жер (І нұсқа)
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,Бұл сөзім білгендерге таң болыпты.Әлеумет, құлақ салып тыңдасаңыз,Қазақта Абылайдай хан болыпты.Сол Абылай хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
«Абылай аспаған сары бел» аталған жер (ІІІ нұсқа)
Ғаламда он сегіз мың жан болыпты,Бұ сөзім білгендерге таң болыпты.Әлеумет, құлақ қойып тыңдасаңыз,Арқада Абылайдай хан болыпты.Қылады Мекержіде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті