Бөлім: «Аңыздар жинағы»
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Байлаулы киіктің зары
Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің маңыраған даусы құлағына шалынады...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Байдалы би
Байдалы көп жасап қартайып, көз жанары кеміп жүруден қалған кезінде Қарқаралыға билік айтып жүрген Мерке деген адам болады. Көпті көрген, атағы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Бабаның батасы
Әлмерек абыздың ортаншы баласы Жәнібек батыр бір күні жолаушылап кетеді де, бірнеше күннен кейін үйіне түнделетіп оралады. Аттан түсіп, атын есіктің..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әуппай (ІІ нұсқа)
Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әуппай (І нұсқа)
Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әттең, жалған, тұл дүние
Қараңғылық пен надандық жайлаған өткен заманда күн сайын үдеген сары ауру, елді өрттей шарпып, өлім көбейіп, ауыл адамдары көмуге үлгермей..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әміренің арманы
Әміре — Алтайда туып, кейінірек Еренқабырғаға көшіп келіп мекендеген. Күйші, қолөнершілікпен жан бағып, етікші, ағашшы, темірші болған. Жас ортасында..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әмір Темірдің Қожа Ахметтің басына кесене тұрғызуы (І нұсқа)
Күндердің күнінде Әмір Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әмір Темірдің ел билеп тұрған кезі (І нұсқа)
Орталық қаласы Самарқан болған. Әмір Темір өте жауынгер болыпты. Бір жылда алты мемлекетті шауып алыпты, ақырында қаласын алмақшы болыпты. Сұлтан..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әмір Темірді тоқтатқан ана (ІІ нұсқа)
Ел шауып, жер басып алу жөнінде аты шулы Шыңғыс ханнан кем түспеген Әмір Темір көреген елдің боздағы мен аруын, сәбиі мен кәрісін, қызы мен кемпірін..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әмір Темір көреген (ІІ нұсқа)
«Әмір Темірдің Әмір Темір болып жүргені әулиелердің нәзірі түскен екен, қырық шілтен ғайып ерендер қолдаған екен!» десіп келеді.Сегіз жасар күнінде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әмір Темір көреген (І нұсқа)
Бұрынғы заманда Бұхарай-Шәріпте бір қасиетті керемет иесі әулие болған екен. Сол әулиенің ер жетіп, азамат болған жалғыз баласы болыпты. Күнлерде бір..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әл Фараби
Фараби Бағдат, Шам шаһарына — Дамаскіге барады. Сол кездегі бұл қаланың әкімі Сейф әд-Дәула бен Хамдан шешен әрі ғалым, халыққа мәшһүр адам екен...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әйтеке бидің мықтылығы
Пір сайлау жұмысына кіріскенде Төле би өзінің ғұламасы Мағзаманды, Қазыбек би Ер Сейтпембетті, Әйтеке Мүсәліні (кейінгі лақап аты — Сұпыәзі)..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әйтеке би туралы аңыз
Үйсін Төле бидің Қалманбет деген ұста қоңшысы болыпты. Төленің үйінің сыртында табиғи өсіп тұрған қисық қайыңды кесіп алып, өзіне ер соғып алады. Ер..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әйми
Әйми керейдің шеруші руынан туған біреудің жалғыз ұлына айттырған найман руының қызы екен. Қалың малы беріліп болып алғалы отырғанда, бақытқа қарсы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әйелдің күрек тісі — көркі
Жантай деген бір бай малшымен төбелесіп, сол төбелесте бір күрек тісі сынады.Жалшы:— Сенен шығамын, — деп ақысын сұрайды.Бай:— Тісімді сыңдырдың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әз Жәнібектің Жиренше мен Қарашашқа бала болғаны
Әз Жәнібек ханның жасы елуден асқанда, қасында бірнеше жолдастары бар, қаршыға салып жүріп өзен суды жағалап келе жатса, бір бойжеткен қыз бие сауып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әз Жәнібек, Жиренше, Көсе
Әз Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен. Бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: «Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының дауысы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әз Жәнібек ханның Жанпоз атаны туралы аңыз
Ханның Жанпоз атан деген түйесі болыпты. Бұл Жанпоз атан ханның ханымы келіншек болып түскенде оның ақ отауының шаңырақ түйесі болып келген..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Әз Жәнібек хан мен Жиренше жайында
Әз Жәнібек хан, Жиренше оның бас уәзірі, әрі шешен, білгір адам болған. Олар 14-ғасырлар шамасында болған. Осы кездегі кәсібі теңіз жағасындағы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Аяз би туралы
Хан тағына отырған Аяз би бұрынғы қой бағып, жалшы болып жүргендегі қырық жамау шекпені мен дода-дода түлкі тымағын хан сарайының босағасына іліп..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Атаның ақтық сөзі
Әулие баба күз түсіп, жапырақтар сарғая бастаған шақта өзінің ежелгі, ескі мекені — қырық жыл қызығын көрген Қызылтас маңындағы Қалпақтас қойнауында..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ат келді
Бір тойда тұс-тұстан келген халық атпен бірге бәйгеге Көгалай дегеннің көк аты қосылады. Көк ат ұзақтан келген екен де, той істеген елдің ешкімі оның..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Асан қайғының хан аталуы
Асан қайғының шын аты Хасен екен. Хасеннің жігіт күнінде Еженхан деген мәнжу ханы қазақ халқына жарлық еткен екен: «Қазақ айғырын кісінетпесін, егер..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті