Бөлім: «Аңыздар жинағы»
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Қорамжан (І нұсқа)
«Қорамжан» жесір әйелдің жар дегенде жалғыз ұлы екен. Байдың түйесін бағып жүріп, қыстың бір боранды күні адасып, үсіп өліпті. Сондағы қайғылы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қоңыр қаз
Байжігіт күйші ер жетіп, бұғана бекітіп, оң-солын таныған кезде Ақсұңқар деген ақылына көркі сай қызға ғашық болады.Ақсұңқардың әкесі Ағиық ақсақал..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қоңыр жел
Қайрақбай Тарбағатай жайлауынан ойға түсіп, бір мезгіл тұрып жайлауға қайтып бара жатқанында, қоңыр жел соғып рахаттандырған сықылды. Сонда Қайрақбай..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қоңыр бұқа
Халық аңызында ерте уақытта бір ауылдың өзен жағасында жайылып жүрген бір қора сиырларын жау қуып кетеді. Сол сиырлардың арасында көк бұқа болады...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қоңыр ала
Түркештің тұсында Жолдыбай деген кедей болыпты. Жолдыбайдың мал дегенде, маңдайына біткен жалғыз қоңыр ала аты бар екен. Ол шапса, алдына қара..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қойшы бала
Атақты Жәнібек хан бір күні аңда жүріп адасыпты. Бір тауға шыққан екен, бір бала қой жайып, ағаш түбінде сыбызғы тартып отыр екен. Сыбызғысының..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қозыкүрең
Ертеде бір бай жылқышыларына әр жылы табан ет, маңдай терің бір жабағы тай деп белгіленген екен.Бай бір жолы жылқыға шығып, жылқыларын сырттай..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз
Ясауи деген бір билеуші билік құрып тұрған. Қыста Самарқанда тұрып, жазда Түркістан тауларында өмір сүретін. Барлық түркі билеушілері сияқты, аң..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қожа Ахмет Ясауи туралы
Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті:— Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, —..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қожа Ахмет Ясауи
Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибраһим шайхтан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады. Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибраһим..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қашқындық жолы
Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүрген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазының руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қасым ханның елге орнатқан тәртібі
Қасым хан ақбоз атқа мінеді екен, айыр қалпақ киеді екен, жолдастары бәрі де бір ыңғай боздан мініп, ақ киім киіп бір бай ауылға келеді екен. Байдың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қасым Сұлтанның анасы — Қандан
Үзіліссіз соғыс елді әбден титықтатып, ығыр еткен соң Абылай аз уақыт болса да дамылдау мақсатымен Қалден Серенге елші жұмсайды. Оған басшы болып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қасқыр
Ықыластың жастау кезінде әкесі Дүкен өзімен бірге Қоянды жәрмеңкесіне ертіп барыпты дейді. Онысы, ел көріп, жер танысын деген әкелік қамқорлығы болса..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қасқа-ау, ана арада — қасқа-ау, мына арада
Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген шәкірттеріне тек күй үйретіп қана қоймайды, оларды басқа ауылдың домбырашыларымен тартысқа..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қасенханның Асан қайғы атануы (ІІІ нұсқа)
Қасенхан бір күні Ғұзайнұр деген кісіге:— Маған арнайы бал ашып беріңіз, — депті. Ғұзайнұр Қасенге арнайы бал ашып, Қасенге айтты:— Сенің талайың су..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қара құлақ ат
Бейсенбінің ұлы Оспан (Алтайда Қара оспан аталады) атастырған қалыңдығы Рәбиғаны алар жолында өзінің тума аты қара құлақ атты мініп, күйеу..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қара қасқа ат
Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген жүйрік ат береді. Кенже сияқты..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қара жорға
Байдың жылқысын бағып, шаруасын күйттеген жалшы жігіт байдың жалғыз қызына ғашық болыпты. Қыз көңілі жігітте болғанымен, жалшыға тиюіне қыздың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қара дауыл
Ел жайлаудан қайтып, ойға беттеген мезгілі екен. Солайша Ұлытауды жазық даламен жалғастыратын сары адырлар күзек. Таудың етегі кілт түрілетін осы..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қара атты мен торы атты
Арғы, алыс заманда қазақ даласында барымта-сырымта деген болмапты. Ол кезде жауды алыстан күтіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған заман екен...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қамбархан
Баяғыда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған Қамбархан деген бір аңшы жігіт болыпты. Қамбархан бір күні атып алған аңын сойып болып, ішегін ағаш басына..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қалмақ, қалмақты ептеп алмақ...
Абылай хан, Өтеген батыр Ұлытаудың бөктерінде аң аулап жүріп, бір сайға келіп аз-кем аялдап, демалуға отырады. Қапысыз отырған хан мен батырдың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қалажан қашқан
Ертеде біреудің Қалажан деген келіншегі болады. Қалажан көрікті, сымбатты болса керек. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін қосағына көңілі толмай, ауыл..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қайың сауған
Ол кезде иісі қазақтың қысқа қарай ірге түйістірер жері Сырдария, Шу өзендерінің бойы болса керек. Арналы өзендердің қос қапталы сыңсыған нар қамыс..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті