meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Аңыздар жинағы»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Нұралы мен Сырым
Нұралы хан мен Сырым екідай болады. Еңбеші халық жағы Сырымды жақтап, ал байлар мен төрелер жағы Нұралы жағына шығып, ел екіге бөлінеді. Билер мен..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ноғайлының зары
Орманбет би өлген күн,Он сан ноғай бүлген күн.Айқай, айқай, айқай күн,Айқайлап жауға тиген күн.Қара ноғай босып көшкенде, оның орманбет би деген..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Нар шөккен
1841 жылдың қысы қылышын сүйрете келіп, ақсүйек жұттың нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн көріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Нар идірген (ІІІ нұсқа)
Ертеде бір кемпір-шал қызымен елден безіп, аң жортпас, құс ұшпас бір құла даланы мекендеп өмір өткізіпті. Олардың күнкөрісі жалғыз нары екен...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Нар идірген (ІІ нұсқа)
Баяғыда бір шал мен оның жалғыз қызы болыпты. Олардың күн көретіні де жалғыз нар екен: ішсе асы, мінсе көлігі. Күндердің күнінде сауып отырған..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Нар идірген (ІV нұсқа)
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз түйесі болыпты. Жазғытұрым түйесі боталап, екі күннен кейін ботасы өліпті. Ботасыз қалған жануар иімей, желіні..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Нар идірген (І нұсқа)
Ертеде бір кедей шал мен оның ақылына көркі сай жалғыз қызы болады. Кедейліктен басқа міні жоқ, ұжымдары жарасқан, төңірегіне сыйлы жандар екен. Жар..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Найман Бөдес
Бірде Абылай ханның хабарымен қазақтың көп батырлары жиналады. осы батырлардың арасында шұбар атты Бөдес батыр да болады. Ол Абылай ханның да сенім..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Назым
Құрманғазының соңғы жылдары табылған «Назым» атты бір күйі бар. Күйді бізге берген адам оның шығу тарихы жөнінде ештеме айтпады. Дина бір әңгімесінде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлық — Зарлық
Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы ханның жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлы қыз (ІІІ нұсқа)
Бір байдың алпыс жасқа келгенде жастай отасқан бәйбішесі дүние салып шалқыған дәулетті, жиһазы келіскен үйі иен қалады. Бай төсек жаңғырту үшін бір..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлы қыз (ІІ нұсқа)
Қол, аяғы кемтар қыз жастайынан кемтарлықтың бейнетін көріп бұйығы болып өседі. Өзі теңдес балалар қозы жайып, күрке тігіп, өзен бойлай жүгіріп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлы қыз (ІV нұсқа)
Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс болады да, байдың асына ат аяғы жетер жердегі аяқ артар жалғыз аты бар кедей-кепсектен..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлы қыз (І нұсқа)
Бұрын бір жетім қыз болыпты. Бір күні таңғы алаң-елеңде біреудің тепкілеуімен қыз шырт ұйқыдан шошып ояныпты. Орнынан ұшып тұрып қараса, өгей шешесі..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Мұңлы қыз
Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты — «Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Молқоңыр және Майдақоңыр
Бұл екі күй ежелден елге таныс, Қайрақбайдың күйі. Дене салмағына байланысты Қайрақбайды төрт-бес ат ғана көтере алады екен. Соның бірі — жал-құйрығы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Молқоңыр
Өткен XIX ғасырдың соңғы жылдары болса керек, арғын, найман, керей, уақ елдеріне сауын айтқан төре Мамырбек Үкірдайұлы Тұрысбекке және көзінің..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Маната
Күндердің күнінде күйші үстіртке келіп, оның жоғары көтерілер жердегі құз-қиясын көріп тамашалайды. Қарсы келе жатқан керуеннен асудың сырын сұрап..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майқы би туралы
Шыңғысты жиырма жеті жасында Шүршіт ортасында хан сайлап таққа отырғызғанда әр жұрттан билер жинап, көп ынтымағымен қойған екен. Сонда Майқы би..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майқы би (1 нұсқа)
Қырық сан қырым, отыз сан үрім, он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, он сан ноғай бөлінгенде Орманбет би өліп, ноғайлы елі бір үріккен ала тайдан жау..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майдақоңыр
Бейсенбінің әлеуметтік істерге араласып, өсіп-жетілуіне Маман би үлкен жебеуші болды. Сол дәуірде Маман би әділ, турашылығымен ел көзіне түскен...
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майдажал — Телқоңыр
Алтай бетінде бұрын өткен бір жылқылы бай болған екен. Оның бір түнде екі биесі құлындап, бірінің енесін қасқыр жеп, құлыны қарағанның түбіне кіріп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады. Қаз мойынды..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Майдажал
Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысының ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Лауішкен
Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті