Бөлім: «Аңыздар жинағы»
Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Сырым сазы
Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін, халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның жолында күреспен өткізеді. Сырым..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырым мен Саржала би (ІІ нұсқа)
Ханды шабардың алдында Алдар би Сырымға: «Саржала биге барып кет!» — депті. Саржала бимен Сырым әуелден араз екен, Саржаланың көлінің қасына Сырым..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырым батыр туралы
Сырым би болып қана қоймай, батыр да болған екен. Қазіргі Индер тауы мен Аюлы деген жердің ортасында «Шибұлақ» деген бұлақ бар. Сол жерде әуелде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырым батыр мен Нұралы хан (ІІІ нұсқа)
Сырым жасында астында тұлпардан туған торы төбел аты бар жалғыз келе жатса, сәске түсте Жайықтың арғы тұсында Нұралы хан құсбегілері, билері..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырым батыр мен Нұралы хан
Дат Байбақты — Шоланның баласы. Шолан деген кісі саудагер болған. Сол кезде зат сатып жүргенде, екі ұры көріп, Шоланның затын алып, өзін өлтіреді...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Соқыр Есжан
Өткен ғасырда Есжан деген атақты күйші болыпты. Есжан бала жасынан әділетті, бірбеткей болып өскен. Кішкентайынан өзінің еңбегімен күн көріп, азаптың..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Серғазы батыр
Серғазы батырдың қырық жылдан астам уақыт ат үстінде жүріп, көбіне қалмақ басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп шайқасқан аймағы — Үшқоңыр..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сау қаз
...Сонымен, сұр мергеннің оғынан жаралы болып, үйірімен бірге жылы жаққа ұшып кете алмай, ене қаз иесіз аралда зарлап жалғыз қалады. Бауырына басқан..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сарын (ІІ нұсқа)
Қорқыт өлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Желмаясының жабуын төсеп, қобызын толассыз сарнатып отырады екен дейді. Қара қобызын сарнатып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сарын (І нұсқа)
Қорқыт жиырма жасқа толғанда ақ сақалы беліне түскен, ақ таяғы көк тіреген әулие келіп, тағы да түсінде аян береді: «Уа, Қорқыт, бұл жарық дүниеде..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сары өзен (ІІ нұсқа)
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сары өзен (І нұсқа)
Бір байдың қызын ұзатқанда қыздың мал-мүлік жасауына қосып бір кедейдің домбырашы жалғыз қызын күң ретінде шаңыраққа мінгізіп береді. Бай билігіне..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сары бура
Қазақтың дәстүрлі наным-сенімінде, алапаты артық туған адамның желеп-жебеп жүретін киесі көмекке келіп, дұшпанның десін басып, көзге көрінеді екен..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сары бел (ІІ нұсқа)
Байлардың жемқорлығын өткір тілімен шенеп, сыбызғыдағы күйімен әжуа-сықақ еткен сыбызғышыны елдің игі жақсылары бірігіп алып, көзін құртпақ болады...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сары бел (І нұсқа)
Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл адамдары бұл қарияны қадір тұтып, үнемі алдына барып аман- сәлем жасап, амандық сұрап тұрады..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Саржан төре
Оқиға 1833 жылдар шамасында Арқа тамаларының ру басы Итемген би мен Кенесарының ағасы Саржан төренің арасында болған.Абылай заманында Еділ, Жайық..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Саржайлау
Тоқаның «Саржайлауының» дүниеге келуіне қатысты ел ішінде екі-үш түрлі әңгіме айтылады.Біріншісі, қырғыз манабы Шәбденнің асымен байланысты айтылатын..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сарбарпы бұлбұл (ІІ нұсқа)
Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Саранжап
Халық арасында әңгімелер бойынша, Құрманғазыны генерал-губернатор түрмеге жауып тастайды. Түрмеде күйші қалмақтың батыры Саранжаппен танысады...
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Саңдық ашты Сарыөзен
Бір күні күйші Сарыөзен деген өзенді бойлай өрлеп келе жатады. Өзен тасып, толқындары төңкеріліп, тынбай тулап, тасқа тигенде қайта қайырылып..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сансызбай
Сарымалайдың сыбызғышылық өнері ауыл арасына ғана емес, төңірегіндегі Орда, Орынбор сияқты қалаларға да кеңінен мәлім болған. Мұндай орындарда..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Самұрықтың зары
Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан-жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа бір..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Салкүрең
Ертеде өнері елге таңсық, өлеңіне қауым ғашық, күйімен ессізге ес бітіріп, естінің делебесін қоздыратын атақты Жанжігіт дейтін сал болған..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сал күрең
Ел ішінде әйгілі бір күйшінің жүйрік күрең аты бәйгенің алдын бермейтін көрінеді. Қазақ-қырғыз бас қосқан үлкен аста бүкіл сыншылар барлық тұлпарды..
© Қазақ халық ауыз әдебиеті