Бөлім: «Аңыздар жинағы»

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
Терісқақпай
Айсыз түн, қызыл іңір. үштас жайлауының төрінде отырған Қара Оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп бара жатқан Мүкей, үй ішінде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Терезеден-есіктен
Құрманғазы үркіт түрмесінде біраз жатып қалады. Бұрын әлденеше рет қашып кеткені жазулы болғаннан ба, күйшіні мұнда тіпті қатты ұстайды. Басқасын..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тепеңкөк (ІІІ нұсқа)
Өткен заманда, бір кедейдің жалғыз көк тұлпары болыпты. Өзі жуас, бірақ жүйрік болса керек. Кедей онымен аңға шығып, күнелтіс етеді екен. Аңда..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тепеңкөк (ІІ нұсқа)
Астындағы жалғыз атынан басқа маңдайында әке де, шеше де, бауыр да, туыс та, мал-мүлік те жоқ бір кедей жігіт бір ұлан-асыр тойда тепеңкөк жүйрігін..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тепеңкөк (ІV нұсқа)
Ертеде бір кедейдің мал дегенде жалғыз көк аты болыпты. Өзі бәйгеге қосқанда алдына қара салмайтын жүйрік екен. Бірақ бір қасиеті — тері шықпаса..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тепеңкөк (І нұсқа)
Тепеңкөк әу баста бір байдың қойға салған шабан аты екен. Мың салса бір баспайтын шабандығына бола Тепеңкөк атанса керек.Күндердің бір күнінде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тепеңкөк (V нұсқа)
Ертеде бір ханның қойшысы бар екен. Сол қойшы ханның жалғыз баласымен бір жаққа барып келе жатса, өзеннің жағасында жылқының басы жатыр екен. Сонда..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Телқоңыр (ІІІ нұсқа)
Бежең төменгі Алтайдың «Кешім қызыл үйеңкі» деген жерінде найман-керейдің бітім дауына қатысады. Жиын топ тарқамастан бұрын «бәйбішеңіз ауыр..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Телқоңыр (ІІ нұсқа)
Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскейді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген қоңыр тұлпары болыпты. Қоңыр ат қамыс..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Телқоңыр (ІV нұсқа)
Мүкей бас болған он бес жортуылшы солтүстік Алтай сілемдерін мекендейтін дөртуыл елінен 300 жылқы айдап келіп, Қаба ауданының батысындағы Қара жиде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Телқоңыр (І нұсқа)
Қазақпен моңғол жауласып тұрған ерте кезде екі жетім бала болыпты. Екі жетімнің үлкені ештемемен шатағы жоқ жуас екен де, кішісі пысық, ән құмар..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тәттібике
Бұл өзі ертерек ХV ғасырдың аяғында, ХVІ ғасырдың басында қазақ елдігінің тірегі шайқалмай, жоңғар қалмақтарының шабуылы онша өршімей тұрған кезде..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тәнтән қыз
«Тәнтән қыз» тарихын айтушылар «Мырза бұл күйді бір үлкен тойда шығарған екен» деседі. Жаздың күні, ми қайнатқан шілде айы. Көрші ауылдың үлкен..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тәлім
Бірде Әлмерек батыр алыс сапарға шығады. Ұзақ жол жүреді. Бір күні кештете қазақ салты бойынша алдынан кездескен ауылға атының басын бұрады да..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тәжінің Бозайғыры
Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құлын, кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арылмайтын көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Ташауыз
Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады, — деп баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы. — Халық жиналған жаймада бір түркімен жігіті дутар тартып..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тауқұдірет
Есте жоқ ескі заманда домбырада жалғыз ғана ішек, тауқұдіретте жалғыз ғана қанат болыпты. Тауқұдіреттің жалғыз қанаты еркегінің оң жағына..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тарғыл тана
Қорқыттың Желмаясы астында, қара қобызы қолында үнемі ел аралап, адасқанға жөн сілтеп, аңырғанға ақыл беріп, сәуегейлік құрады екен. Төңірегіндегі..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тараған өкпе — татулықтың ишараты
Жасы жағынан Ескелді би үлкен, Балпық би кіші екен де, Дарабоз-ана олардың екеуінен де үлкен болса керек (төркіні — Күшік, түскен жері — Андастың..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Таң бұлбұлы
Күй қуалап, ізденіп жүрген жас Әшім, бір жылы Көкқамыр баурайын аралай келіп Қайшы, Шірке жайлауында болады. Барған жегжатының Әшіммен шамалас бір..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Танысаңшы
Бейсенбіге бұрыннан таныс бір домбырашы, нағашысының ауылына жолаушылай бара жатып, жол-жөнекей өрісте жатқан жылқыларды тамашалап, аралап жүрсе..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырымның анасының неге жерік болғаны жөнінде (III нұсқа)
Сол Сырым батыр бір күндерде тумаларына ренжіп, не себеп болса да мамасына (анасына) айтқан көрінеді:— Әй, анам, сен мені кімнен тудың? Былайғы..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырымның айтқаны
Өзбек, қалмақ, түрікпен үшеуі ресейге қосылу жөнінде патша өкіметіне адам жіберсе, олар: «Амударияны сат», — дейді. Олар не айтарын білмей, ойласа..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырымға анасының айтқаны (IІ нұсқа)
Сырым бір күні анасына:— Ана, басқа балаларыңнан менің өзгешелігім бар, құлқым өзгеше, анығын айтшы, мен кімнен тудым? — дейді. Сонда анасы:— Балам..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сырымға анасының айтқаны (I нұсқа)
(I нұсқа)— Балам, саған жерік болып тамақ талғап жүргенімде, ел Сауран айналып алысқа көшті. Көшкен елдің көптігінен малға, адамға су жетпей, ел..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті