Бөлім: «Поэмалар»

Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар (былина) мен “Игорь жасағы туралы жыр”, т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С. Пушкиннің “Мыс салт атты”, М.Ю. Лермонтовтың “Мцыри”, Н.А. Некрасовтың “Русьте кім жақсы тұрады?” атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман — Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат — Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір”, т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың “Батыр Баян”, С.Сейфуллиннің “Көкшетау”, І.Жансүгіровтің “Құлагер”, С.Мұқановтың “Сұлушаш”, Т.Жароковтың “Тасқын”, Ә.Тәжібаевтың “Абыл”, қаласыАманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз”, І.Бекхожиннің “Батыр Науан”, т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Ғ.Іайырбековтің “Дала қоңырауы”, І.Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.
Нарынқұм зауалы
(поэма)Равиль Шырдабаевқа1. Махамбеттің соңғы сөзіБаз бір адамдарда болашағын елден ерек сезіну, түйсіну күші болатынын ғылым жоққа шығармайды.....
©  Мұхтар Шаханов
Танакөз
(поэма)Ізгілікпен ізеттің байлауында,Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,Достық атты қазына аралы барСонау Мақсат тауының жайлауында.Жұрттың бәрі баруға..
©  Мұхтар Шаханов
Дағыстан
Дағыстан Кавказдағы Кәрі Жүсіп,
Қисса ғып айтқым келді көңілім түсіп.
Тепе - тең тек жатудың табы батып,
Білмедім не қылуды ішім пысып.
Сынауыңа..
©  Ақылбай Абайұлы
Ильич
I. Ғасырлар перзентіIҒасырлар - АналарӘлдилеп сәбиін тербеген.Қатыгез күн туса, паналарЕр ұлға жерік боп шөлдеген.Ғасырлар - ӘкелерСенімді мұрагер..
©  Мұқағали Мақатаев