Шыдам туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 25
Қанатты сөздер жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 1

Шыдамды еңбек, алғыр ой,Анық досың біліп қой
©  Самет Оқанұлы
Кім шыдаса, сол жолы болады.
Шыдай-шыдай тас та бір күні тарс етер.
Сабырлыларға тегiн келетiн нәрселер, шыдамсыздарға қымбатқа түседi.
Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?
Пісеріне шыдаған да,
Түсеріне шыдамаған.
Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.
Шыдамды еңбек, алғыр ой -
Анық досың біліп қой.
Шыдаған ойына жетер.
Қырқына шыдаған
Қырық біріне де шыдайды.