Сараң туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 24
Ақын өлеңдері жинағы: 13
Қанатты сөздер жинағы: 16
Әңгімелер жинағы: 19

Анау желбас, мынау сараң-Күйеуге мен кімге барам?..
Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. 
©  Майқы би
Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.
Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.
Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.
Ақылды болу сараңға да жарасады.
Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.
Беріп жаман атанғанша,
Бермей сараң атан.
Шараң толы болса,
Сараңдық жуымас.
Берместің сылтауы көп.
Сараңның өз малы өзіне бұйырмас.
Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.
Сараңға саңыраулық қонады,
Есітсе де есітпеген болады.
Ұры байымайды,
Сараң семірмейді.
Айыратын жаман бар,
Қосатын жараң бар,
Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.
Іші тарлық — сараңның ісі,
Жалақорлық — жаманның ісі.
Сыпайы, киімді киіп тоздырады,
Сараң, киімді жиып тоздырады.
Балық бастан бұзылады,
Сараң астан бұзылады.
Сығырдың ақысын сараң жейді,
Сараң болмаса, арам жейді.
Сараңның қолы қалтырауық.
Сараңның етін сасыған соң
Сары күшік жейді.
Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі.
Сараңның асын сары ит ішсін.
Сараңның салғанын қазаны жейді,
Қалғанын қонағы жейді.