Мақал туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 5
Қанатты сөздер жинағы: 5
Туындылар: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Мақал-мәтелдерде өтірік жоқ, жаңбыр суында тұз жоқ.
Екі таудың шөбін аяған киік – аш қалар.
Сөздің көркі - мақал,
Иектің көркі - сақал.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Айта білмесең,
Мақалдың мәні болмайды
Жасай білмесең,
Астың дәмі болмайды.
Делдал малдың базарын келтіреді,
Мақал сөздің ажарын келтіреді.
Мақал —сөздің мәйегі.
Мақал — сөздің атасы,
Уәде — ердің опасы.
Мағынасыз сөз болмайды,
Мақалсыз ел болмайды.
Сөзге мақал жарасар,
Иекке сақал жарасар.
Мақал қайдан шығады,
Ой болмаса.
Киіз қайдан шығады,
Қой болмаса.
Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Қадам басқан адам ғана жолды бағындырады