Еркек туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 28
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 33
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 24
Әңгімелер жинағы: 16
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық
©  Самет Оқанұлы
Еркек жүрген жерде,Шөлмек қалады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Әйел аузы сөйлесе,Еркек аузы жоқ болады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Тоқалсыз еркек –сақалсыз теке.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ерте тұрған еркектің бір ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Қоянды қамыс ,еркекті намыс өлтіреді
Егер әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп нәрсе тындырар еді.
©  Еврей халқы
Сұлулықты көрген кез-келген еркек сүрінеді.
 Әйелдер аз сөйлесе, еркектер көп қимылдар еді.
©  Жебірей
Жұбайы жоқ еркек те бір-Жапырақсыз терек те бір.
Еркек құмар әйел ерге жарымас,
Асығып кеткен үйіне жете алмас.  
©  Махмұд Қашқари
Әйелі жаман еркектің жаман аты шығады.
(Рашид-әд-дин. Қ.Жалаири)
Жақсы еркектің атын жақсы әйел шығарады.
(Рашид-әд-дин. Қ.Жалаири) 
 Еркек пен әйел бір арқанға байланған.
Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.
Еркек үйдің – иманы,
Әйел – үйдің жиғаны.
Әйел асқақтаса, жылайды,
Еркек асқақтаса, құлайды.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,
Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.
Жақсы қатын жаман еркекті де адам етеді.
Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.
Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.
Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.
Әйел— үйдің көркі,
Еркек— түздің көркі.
Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.