Қару туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 14
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
Қылыш үстінде серт жүрмейді.
Бөріге барсаң,
Арыстанның қаруын ал.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Тайсалу ердің ісі емес,
Жұмсай білгенге қару кіші емес.
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.
Қарудеме қылышты,
Шапқанда сүйек қаппаса.
Ақылды деме — туысты,
Сасқанда ақыл таппаса.
Оқсыз мылтық – таяқ.