Ерлік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 56
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 43
Қанатты сөздер жинағы: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 2
Аңыздар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 5

Елін ойламағанның – ерлігі зая,Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая
©  Самет Оқанұлы
Елін ойламағанның – ерлігі зая,Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая
©  Самет Оқанұлы
Қылыш даттанса, іс бұзылар,Ер даттанса, пейіл былғанар.Бұл мақал азаматты қайтпас ерлікке баулып, əрқандай нəрсенің өз жынысына қарай өмір сүруінің..
©  Түркі халықтары
Елдік, ерлік туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ер айтпас, айтса қайтпас.   Ер кешуде, нар көшуде сыналады.Ел даусыз болмас,Ел жаусыз болмас.Ер шаруасыз болмас,Ер жарасыз болмас.Ездің тілі..
Ел үшін аянба ерлігіңе сын.
©  Естеу ЖҮНІС
Еңбек ерлікке жеткізер.Ерлік елдікке жеткізер. 
Әйелге күш көрсету – ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.  
©  Құтып
Әдіссіздік – әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
©  Бауыржан Момышұлы
Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.
Әйелге күш көрсету — ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.
Адалдық — ерлік нышаны.
Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.
Ерлік өлім - ерді көбейтеді.
Ерлік қаза- өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.
Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.
Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
Тисе терекке,
Тимесе бұтаққа.
Уайым - ердің қорғаны.
Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар,
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.