Сұлу туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 142
Қанатты сөздер жинағы: 18
Әңгімелер жинағы: 8
Поэмалар: 3
Аңыздар жинағы: 2

Сұлу қыздың қызығы –Неке түні өткенше.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жүрек кімді қаласа, сол сұлу,Сүйген адамға жаның жол табады.
©  Саиф Сараи
Сұлу әйелдің күйеуі өмір бойы қарауыл болып өтеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
Балаларға өнер білім берілсін,
Сұлу мінез әр өнермен өрілсін.
Дұшпанның сырты сұлу, іші – қара.
Сұлу туыстың да сұмпайы аяғы бар.
Сұлуға сүрме керегі жоқ.
Сұлу келбет жібек қылғаттан сұлуырақ.
Сұлудың бетіндегі қалы да сүйкімді.
Сұлу әйелдің күйеуі қарауыл.
Сырты сұлуға айтқанша, іші сұлуға айт.
Хас сұлуды қаралысында сынама,
Хас батырды жаралысында сынама.
Сұлу сұлу емес,
Сүйген сұлу.
Тәні сұлу сұлу емес,
Жаны сұлу — сұлу.
Сұлу гүлдің сарғайып
Солар кезі болады.
Сұлу қыздың әр тайып,
Оңар кезі болады.
Жақсыны көрмек үшін,
Сұлуды сүймек үшін.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.