Қоян туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 21
Жұмбақтар жинағы: 34
Балаларға арналған тақпақтар: 24
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 15
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2

Қоянды қамыс ,еркекті намыс өлтіреді
Олар Қоянды шелекке отырғызды, ол онымен әзілдесуде деп ойлады.
Есті қоян итке жеткізбес.
Қоян өзінің қиынан да қорқады.
Қоянды аяғы құтқарады.
Өгізбен ор қоянға жетем деме.
Атасы басқаменен қоян аулама,
Атарда жанына байланар.
Қыран ұясының ауызынан жем іздемес,
Қоян інінің аузындағы шөбін жемес.
Қоян терісі бір күндік.
Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
Ай жарықта қоян арық.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.
Көптен қоян қашып құтылмас.
Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» деген соң, не зорық?
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Екі қоянды қуған,
Біреуін де ұстай алмас.
Қоян көлеңкесінен қорқады.