Арақ туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 24
Ақын өлеңдері жинағы: 47
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 6
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 7

У ішкен бір өледі,Арақ ішкен мың өледі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Күйеуі арақ ішсе,Әйелі тұз жалайды.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ақша – араққа,Тиын – тамаққа.
©  Ермахан Шайхыұлы
Сәлеметсіз бе, арақ - ақыл, қош бол!
Ақтан ішсең ағынан жарыласың.
©  Еврей халқы
Шарабы-бір тиын.Шатағы-мын тиын.
Арақ миыңды кептіреді,Сыра сыйыңды кетіреді.
Жүргеніңді жаралап,Жапсыратын жаман ат.Бірінші жауың білсеңіз,Темекі мен ақ арақ.
Ішке түскен ақ арақ,Бекер қарап жатпайды.Тал бойыңды аралап,Абыройыңды таптайды.
Өмір бір-ақ берілер,Таңда жолдың тәуірін.Арақ деген періден.Алшақтау жүр, бауырым!
Арақ жүрген жерде ұрыс бар,Орақ жүрген жерде ырыс бар.
Өтірік сөз өрге баспайды,Ащы су құрдымға бастайды.
Арақ болса серігің, ерте шығар өлігің.
Араққа жұмсаған ақша-арам ақша,Нанға жұмсаған ақша-адал ақша.
Сасыған арақ ас болмас,Ішпеген адам мас болмас.
Арақ абырой әпермейді.
Адам араққа жүгірмесе,Арақ адамға жүгірмес.
Тамақтан сорламайсың,Арақтан сорлайсың.
Арақ ішкен тойда мас,
Ақылы жоқ — күнде мас.
Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.
Арақ ішкен — азар,
Қарта ойнаған тозар.
Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт.
Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.