Сұңқар туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Жұмбақтар жинағы: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 22
Қанатты сөздер жинағы: 6
Әңгімелер жинағы: 1
Поэмалар: 1

Кішкентай үлкенге қарсы тұра алмас,Қырғи сұңқарға қарсы шыға алмас.
©  Түркі халықтары
Бауыры жоқ аға-қанатсыз Сұңқар сияқты, бауыры жоқ әпке- жалаңаш қу шыбық сияқты.
 Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.

Адам өзінің шамасын білгені жақсы. Сонымен қатар ұстаз өзінің барлық шәкірттерінен..
©  Гүлтас Құрманбай
Сұңқар масаға сұқтанбас.
Қарға сұңқар болмас,Есек тұлпар болмас.
Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.
Жаман құсты жақсы бақса – сұңқар болады.
Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.
Шымшықтан сұңқардың батылдығын күтпе.
Кептер кептермен табысса,
Сұңқар сұңқармен алысады.
Сақтықты сұңқардан үйрен!
Сұңқар орманға тартар,
Тұлпар қорғанға тартар.
Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.