Жетім туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 32
Ақын өлеңдері жинағы: 64
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 9
Эсселер жинағы: 1

Жетім жыласа, жер жылайды
©  Самет Оқанұлы
Жетімді, жетім демеңіз,Жетімнің ақын жемеңіз
©  Самет Оқанұлы
Әйелі қайтыс болса-үй жетім қалады.
Жаңбыр жаумаса жер жетім Басшы болмаса ел жетімҰқпасқа айтқан сөз жетім
©  Көпеев Нұрдәулет
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім. 
Құс қонбаған көл жетім,Ел қонбаған жер жетім. 
Бағбан өлсе бақ жетім,Құлан кетсе қақ жетім.
Әкелі жетім — арсыз жетім,
Шешелі жетім — ерке жетім.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.
Жерге түскен – жетімдікі.
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Елінен кетсе, ер — жетім,
Егінші кетсе, жер — жетім.
Елі жоқ — жер жетім,
Ері жоқ — ел жетім.
Жесір қатын ер болар,
Жетім бала ел болар.
Басшысы жоқ ел жетім,
Балығы жоқ көл жетім.
Егілмеген жер – жетім,
Елінен айрылған ер – жетім.
Жетім жеті қырдың
Астындағы жеті үйден тамақтанады.
Жетімнің қарны — жетеу.
Жердегі — жетімдікі.
Жетім қыздың жеңгесі көп.