Құрмет туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 23
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 36
Қанатты сөздер жинағы: 23
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 1

Үлкенге – құрмет,Кішіге – ізет
©  Самет Оқанұлы
Үлкенге – құрмет,Кішіге – ізет
©  Самет Оқанұлы
«Туғаның» дегенге қарамадық,«Құда» дегенде жалт қарадық.Бұл мақал ағайын-туған, жекжат-жұраттардың арасында құданы құрметтеп, арнайы сыйлауға..
©  Түркі халықтары
Момын кісінің сөзі даңқты болмас.Бұл мақал кісілерді жақсы атанып, ел құрметіне бөлену үшін ұқыпты, мұқиятболуға үндеп айтылады.
©  Түркі халықтары
Адвокат (қорғаушы) алдымен сәттілікке жетіп, содан кейін құрметке ие болып, содан кейін адал болуы керек.
Құрметті болып өмір сүру жақсы, бірақ жауапкершілігі өте үлкен.
Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте
Біліктіні білігі үшін сыйлайды.
Әркім сыйлағанның құлы.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Азға қанағат қылғанды
Барлық жерде сыйлайды.
Ағайынды алқалап құрмет көрсет.
Орны мен мақтай біл,
Сый құрметін сақтай біл.
Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Сыйлай білсең кәріні,
Жарылқаймын бәріңді.
Сыйлау деген -
Құрдай жорғалау емес.
Жасқа – қызмет,
Қартқа – құрмет.
Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.
Құрмет етсең,
Құрмет көрерсің.
Жақсыға құрмет
Жас-жаранға міндет.
Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің.
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.