Бес туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1

Бергенге бес те көп,
Алғанға алты да аз.
Башқұрт басында бар бес құрт,
Арқасында бар алты құрт,
Желкесінде бар жеті құрт.
Бес бармақтың біреуін тістесең де,
Бәрі бірдей ауырады.
Алпыс батпан көтерген кісі
Бес батпан қосқаннан қорықпайды.
Бес саусақ –
Бір-біріне өш саусақ.
Бестің басы болғаншы,
Алтының аяғы бол.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.