Алла туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 199
Қанатты сөздер жинағы: 37
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 10
Аңыздар жинағы: 1

Алла деген пенделер,еш нәрсеге зар болмас
©  Самет Оқанұлы
Аллаға жағайын десең азанды бол
©  Самет Оқанұлы
Аллаға жағайын десең,Азаның болсын.Қазыға жағайын десең,Қазаның болсын
©  Самет Оқанұлы
Жаратқан, Алла, Құдай туралы
Көп қайда болса, Құдай сонда.Тобы бірдің Тәңірі бір.Бекерден бекер жатқаннан Тәңір безер.Момынның есебін қу табады,Қудың есебін Құдай табады.Аққа..
©  Дихан Қамзабекұлы
Алла деген ар болмас,
«Алла» деген бенделер
Ешнәрсеге зар болмас.
Аллаға жағамын десең,
Азаның болсын.
Пендеге жағамын десең,
Қазаның болсын.
Алланың алдында арамтамақтың қолы дірілдейді.
Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.
Адам ойлайды,
Алла шешеді.
Адамның басы—Алланың добы.
Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.
Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.