Ұстаз туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 19
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 88
Ақын өлеңдері жинағы: 165
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 51
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 40
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 50
Шығармалар жинағы: 21
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 47

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
©  Самет Оқанұлы
Мектеп – білім тірегі,ұстаз – оның жүрегі.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Ана баланың тәнін шынықтырса,Ұстаз баланың жанын шынықтырады.
Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз. 
©  Ыбырай Жақаев
Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы.
Ұстаздың абыройы болмаса,
Шәкірттері оның сақалымен ойнайды.
Ұстаз талантты болса,
Шәкірті талапты болады.
Ұққаның жақсы болса —
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса —
Ақылың көбейеді.
Өмірдің өзі — ұлы ұстаз.
Шәкірті зейінді келеді.
Ұстазы бейілді болса.
Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.
Баланың бас ұстазы — ата-ана.
Бала өсірген ата-ана
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды.
Атпаз көрген — ат таныр,
Ұстаз көрген — хат таныр.
Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт
Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.