Ақын туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 17
Ақын өлеңдері жинағы: 982
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 44
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 68
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 26
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 30
Аңыздар жинағы: 3
Эсселер жинағы: 2

Дегбірсіз ат сілкінгіш,
Дегбірсіз ақын жұлқынғыш.
©  Кенен Әзірбаев
Ақындардың айырмасы бар,
Ән мен күйдің қайырмасы бар.
©  Кенен Әзірбаев
Ат аяғы ақсауық,
Ақын тілі қақсауық.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Батырлығың не керек?
Байсалдылық болмаса,
Ақындығың не керек?
Айтарлығың болмаса.
Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.
Ақынның хаты өлмейді,
Батырдың аты өлмейді.
Той — ақындікі,
Көкпар — батырдікі!
Ақынның тілі қылыштан өткір,
Қылдан нәзік.
Ақынның тілі қылыштан өткір.