Күлу туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 18
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 75
Қанатты сөздер жинағы: 14
Әңгімелер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

 Күлме досқа, келер басқа
©  Самет Оқанұлы
Бастық күлсе,Орынбасары езу тартады.
©  Ермахан Шайхыұлы
Жиі жалаңаш адам жыртылған көйлек киген адамға күледі.
Қажет болса, оқу үшін жылаңыз: кейінірек күлесіз.
Егер сіз қателік жасасаңыз, бірден күлгеніңіз жөн.
Еңбек ет те мақтан,Ойнап-күл де шаттан. 
Бүкірге күлген адам әрқашан өзі тура жүруі тиіс.
Күлсең бүтін дүние сенімен күлсін, жыласаң жалғыз жыла.
Бүгін күлерсің, ертең жыларсың,
Бүгін дүниенің үсті, ертең асты.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ер көрге де күліп кіреді.
Жылау мен күлу – төркіндес.
«Тесіксің!» деп елек шелекке күлді.
Күлген күле жетер, артынан қуа жетер.
Күліп қабылдады,
Күмілжіп шығарып салды.
Жыртық тесікке күледі.
Жығылған сүрінгенге күледі.
Біреу көріп күледі,
Біреу еріп күледі.