Сүйек туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 16
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 14
Қанатты сөздер жинағы: 3
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Бу сүйектерді сындырмайды.
Тауық жұмыртқасында да сүйек кездеседі.
Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.
Сүйек берген кісімнен көрейін бе,Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?!
Итке сүйек тастасаң – қаппайды.
Боқ жағылған нетеді, жуса кетеді,
Ат таңылған нетеді, сүйегімен кетеді.
Атасын сыйлағанның баласын сүй,
Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал.
Атасын сыйласаң, баласын сүй,
Иесін сыйласаң, итіне сүйек сал.
Қасапшы анасына да сүйек сатады.
Досын сыйлағанның итіне сүйек тастар.
Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.
Сүйек жуушы адам мәйіттің я жұмаққа,
Я дозаққа барарына кепілдік бере алмайды.
Сүт — сүйек өсіреді.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Немере етін жеп, сүйегін береді.